-A A +A

Мақалалар

Тәуелсіздік-халық мұраты

Халқымызға ғасырлар бойғы арман болған тәуелсіздік, егемендік ұстанымдарын биікке көтеретін бұл күн – біздің Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке. Азаттық аңсаған елдің,түпкі мақсаты орындалып, бұл мереке күнтізбеде  ҚР Заңының,1991 жылы 16 желтоқсанда қабылдануына байланысты тұрақты түрде аталып өтіледі. Сондықтан бұл күн жас мемлекетіміз үшін – біртұтас елдіктің, ынтымақтастық пен татулықтың, сонымен қатар өткенге деген тағзымды,салауат пен болашаққа деген сенімді үміттің мерекесі болып табылады. Тәуелсіздік - халықтың тойы, елдің тойы.

Жемқорлық-қоғамның жегі құрты

Сыбайлас жемқорлық  - заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Бұл кесел дамушы елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіріп отыр.

Мереке мерейді өсірді

Еліміз 1 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Түңғыш Президенті күнін мерекелейді. Бұл күннің біз үшін маңызы зор.Себебі, Мемлекет басшысының  сарабдал саясатының арқасында тәуелсіздігіміз одан әрі нығайып, шекарамыз бекіді, тарихымыз түгенделді.Саяси ерлік - жігерінің арқасында Қазақстан әлемге танымал болды. «Болашақ – жастардың қолында» деген ұранмен жас жеткіншектерге жеткілікті көңіл бөлініп, сапалы білім, саналы тәрбие беріліп, озық шыққандар шетелдерден мол тәжірибе жинақтауға жолдама алған.

ҰЛТ ЖОСПАРЫ

2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап «5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» - Ұлт жоспарын орындаудың практикалық кезеңі басталды. «100 нақты қадам»- бұл жаһандық және ішкі сын қатерлереге жауап және сонымен бір мезгілде, жаңа тарихи жағдайларда ұлттың дамыған мемлекеттердің отыздығына кіруі жөніндегі жоспары. «100 нақты қадам» елімізде «2050 - Стратегиясын» жүзеге асыру мен Қазақстан мемлекеттілігін нығайтуға, жолдан адаспауға, күрделі кезеңнен сенімді өтуге жағдай туғызатын беріктік қорын жасап беретін болады.

Электрондық форматта көрсетілетін мемлекеттік қызмет

     Заңды тұлғаларды тіркеу процедурасын  жеңілдету мақсатында концептуалды шараларды қолдануға жол қойылды. Бұл  «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу» заңына енгізілген түзетулер арқылы мүмкін болды. Шағын кәсіпкерлік субъектілерін тіркеудің хабарлама жіберу тәртібі еңгізілді.

Тілге құрмет – елге ізет

          Адамзат тарихындағы көптеген өркениетті елдердің құлдырауы, алдымен тілді жоғалтудан басталғанын ғылым дәлелдеп отыр. Бүгінгі қазақ қоғамындағы мәңгүрттіктің басы өз тілін тәрк етуден пайда болды. Тілі мен дінінен айырылған жан рухани кемтарлығын, адамдық болмысын түсінбей, көлденең көк атының қолжаулылығына айналады.  Ана тіліміздің тағдыры үшін күресте халқымыз қам-қарекетсіз болған емес.   

Мемлекеттік рәміздерді дәріптеу

           Кез келген өркениетті елге тән ортақ ұқсастықтар мен рухани құндылықтар болады. Ту, Елтаңба және Әнұран – солардың бірегей нышандары. Өйткені, бұл рәміздер әр мемлекеттің тәуелсіздігін білдірумен қатар, елдікке шақыратын, тұтастыққа ұйыстыратын, бірлікке үндейтін, жүректегі патриоттық сезімді оятатын, отанды, жерді сүюге жетелейтін, ерлік дәстүрлер мен сабақтастық рухында тәрбиелеуге жұмылдыратын айшықты белгілер саналады.

Елбасының Үндеуі

         Елбасының Үндеуінде қазіргі заман дидарының өзгеруіне орай, мемлекеттің басқару жүйесін де жаңғыртатын кез  келгендігі. Елдің мүддесі мен заманның талабын, ұрпақтың болашағын ойлай отырып байлам жасағандығы аңғарылады. Президент  халық пен билік тармақтары арасындағы қарым-қатынастар мен сенімділік ұясын күшейту үшін, конституциялық деңгейде парламенттің рөлін күшейтіп, және парламенттің сайлауында жеңген партия үкімет құрамын анықтауда түбегейлі ықпал ететіндігін мақсат етуде.

Мемлекеттік тілдің мәртебесі

           ҚР мемлекеттік тілі Елбасымыз атап айтқандай, «барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторы» екендігін  әрқашан есте сақтауымыз керек. Ұлт болған жерде тіл, тіл болған жерде оның мәселесі де болады. Қазақ тілінің мәселесі өткен ғасырдың басынан бері қозғалып келеді. Бір ғасырдан астам уақытқа созылған тіл мәселесін жаңа ғасырдың алғашқы жиырма жылдығында түбегейлі шешуге мемлекет те мүдделі. Халық арасында Тіл туралы заң қабылданып, тіл саясатын мемлекеттік тілдің мүддесіне шешу, Мемлекеттік тілдің мәртебесін нақты белгілеу туралы әр түрлі талаптар мен өтініштер бар.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қирмыл

       Адамзатқа ертеден таныс сыбайлас жемқорлық – заманмен бірге өсіп-өркендеп, небір тегеурінді қарсылықтарға төтеп беріп, қайда мол қаражат, пайда болса, сол жерге тамыр жайып, бүгінге дейін жойылмай отырған қауіпті кеселдің бірі. Басқа дамушы елдер сияқты, біздің жас мемлекетімізді де жегі құрттай бұл кесел айналып өткен жоқ.

Беттер