-A A +A

Кеңес алуға арналған телефон нөмірлері мен мемлекеттік қызметті алу тәртібі

Нотариус болудың талаптары

 Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия
1. Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттау қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi берген лицензия (нотариус лицензиясы) нотариусқа нотариаттық iс-әрекеттер жасауға уәкiлдiк бередi.
2. Нотариус лицензиясы алуға қажеттi құжаттардың тiзбесi лицензия беру мерзімі мен тәртібі тиісті нормативтік құқықтық актілермен белгіленеді.
3. Нотариус лицензиясы мерзiмi шектелмей берiлетiн басты лицензия болып табылады және ол Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында қолданылады.
4. Нотариус лицензиясын беру үшiн алым алынады, оның мөлшерi мен төлену тәртiбi салық заңдарымен белгiленедi.
5. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзедi және ведомстволық баспасөз органында нотариаттық қызметпен айналысуға лицензия берiлген адамдар туралы мәлiметтер жариялайды, онда:
1) нотариустың тегi, аты, әкесiнiң аты;
2) лицензия берiлген күн мен оның нөмiрi көрсетiледi.

 Қазақстан Республикасының Әділет біліктілік алқасында немесе Қазақстан Республикасы Жоғары Сот кеңесі жанындағы Біліктілік комиссиясында біліктілік емтиханын тапсырған адамдар, тұрақты судьялар және өз міндеттерін атқару кезінде теріс қылықтар жасағаны және заңдылықты бұзғаны үшін судьялық қызметінен босатылған судьяларды қоспағанда, тұрақты судья болып жұмыс істеген адамдар, сондай-ақ мемлекеттiк нотариустар аттестаттаудан өтпестен нотариаттық қызметті жүзеге асыру үшін лицензия алуға құқылы.
6-1. Нотариаттық қызметті жүзеге асыруға үміткер адамдардың аттестаттаудан өту ережесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

Жеке практикамен айналысатын нотариус
1. Заңды тұлға құрмай, лицензия негiзiнде нотариаттық қызметпен айналысатын, өзiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн нотариаттық iс-әрекеттер жасау нәтижесiнде зиян келтiру салдарынан туындайтын мiндеттемелер бойынша сақтандырған, нотариаттық палатаға мүше болған және аумақтық әдiлет органында есепке тұру тiркеуінен өткен азамат жеке практикамен айналысатын нотариус деп танылады.
2. Жеке практикамен айналысатын нотариус банк мекемелерiнде ағымдағы шоттар ашуға, еңбек заңдарына сәйкес көмекшiлер, техникалық қызметкерлер жалдап, оларды жұмыстан босатуға, нотариаттық iс-әрекеттер жасаудан алынған табысқа билiк етуге, соттарда өз атынан сөз сөйлеуге және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес басқа да iс-әрекеттер жасауға құқылы.
4. Жеке практикамен айналысатын нотариустың азаматтар мен заңды тұлғалар өкiлдерiнiң еркiн кiрiп-шығуына, нотариаттық iс-әрекеттер жасаудың құпиялылығын сақтауға және нотариаттық iс жүргiзудiң сақталуын қамтамасыз ету үшiн жағдай жасауға жарамды үй-жайы болуға тиiс.
5.ҚР 05.05.03 ж. № 408-II Заңымен алып тасталды
6.ҚР 05.05.03 ж. № 408-II Заңымен алып тасталды

Нотариустың мiндеттерi
1. Нотариус:
1) осы Заңның және Қазақстан Республикасының нотариат қызметiн реттейтiн басқа да нормативтiк құқықтық актiлерiнiң талаптарына сәйкес нотариаттық iс-әрекеттер жасауға;
2) азаматтарға және заңды тұлғаларға құқықтар мен мiндеттердi түсiндiруге, олардың заңды бiлмегендiгi өздерiне зиян келтiруге пайдаланылуы мүмкiн болмауы үшiн, жасалған нотариаттық iс-әрекеттерiнiң салдарлары жөнiнде ескертуге;
3) кәсiптiк қызметiн жүзеге асыруға байланысты өзiне белгiлi болған мәлiметтердi құпия ұстауға;
4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келмейтiн жағдайда нотариаттық iс-әрекеттер жасаудан бас тартуға;
5) кәсiптiк әдептi сақтауға;
6) әдiлет органына және (немесе) нотариаттық палатаға өз iс-әрекеттерiне түскен шағымдар бойынша өзi жасаған нотариаттық iс-әрекеттер туралы мәлiметтер, өзге құжаттар, ал қажет болған жағдайларда жеке түсiнiктемелер, оның iшiнде кәсiптiк әдеп талаптарын сақтамау мәселелерi жөнiнде түсiнiктемелер беруге мiндеттi.
2. Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдас ты руға (жылыстатуға) және терроризмді қаржы лан дыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Рес публикасының заңнамасында көзделген мақсатта және тәртіппен нотариаттық іс-әрекеттер туралы мәліметтер мен ақпарат беру нотариаттық іс-әре кет тер құпиясын жария ету болып табылмайды.

Нотариустың жеке мөрi, мөртаңбалары мен бланкiлерi
Нотариустың өзiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты, сондай-ақ мемлекеттiк кеңсесiнiң атауы (мемлекеттiк нотариустың мөрi) не нотариус лицензиясының нөмiрi мен берiлген күнi көрсетiлген (жекеше нотариустың мөрi) жеке мөрi, элек трондық цифрлық қолтаңбасы куәландыру жазбаларының мөртабандары мен жеке бланкiлерi болады.
23-бап. Аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық) округтердiң әкiмдерi аппараттарының нотариаттық iс-әрекеттер жасауға уәкiлеттi лауазымды адамдарын аттестациялау
Осы Заңның 1-бабындағы 2-тармақтың 2) тармақшасында аталған адамдар Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi бекiтетiн Аттестация туралы ережеге сәйкес нотариаттық iс-әрекеттер жасау құқығын алу үшiн аумақтық әдiлет органында аттестациядан өтедi.

Адвокат болудың талаптары

 Қазақстан Республикасындағы адвокат
1. Адвокат - жоғары заң білімі бар, адвокаттық қызмет пен айналысуға лицензия алған, міндетті түрде адвокаттар алқасының мүшесі болып табылатын және осы Заңмен регламенттелетін адвокаттық қызмет шеңберінде кәсіптік негізде заң көмегін көрсететін Қазақстан Республикасының азаматы.
2. Сот тәртібімен әрекетке қабілетсіз не әрекет қабілеті шектеулі деп танылған не өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар адам адвокат бола алмайды.
Заңда белгіленген тәртіппен соттылығы өтелген не месе алынған; қасақана қылмыс жасағаны үшін ақтамай тын негіздер бойынша қылмыстық жауапкер шіліктен босатылған; теріс себептер бойынша мемле кеттік, әскери қызметтен, прокуратура органдарынан, өзге де құқық қорғау органдарынан, соттардан және әділет органдарынан босатылған немесе адвокаттар алқасынан шығарылған; адвокаттық қызметпен айналысуға лицензиясынан айрылған; осы Заңның 12-бабының 3-тармағында және 5-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша лицензиясының қолданысы тоқтатылған адам - осындай оқиғалар басталғаннан кейін үш жыл бойы адвокат бола алмайды.

Адвокаттың көмекшiлерi мен тағлымдамадан өтушiлерi
1. Адвокаттың көмекшiлерi мен тағлымдамадан өтушiлерi болуы мүмкiн.
2. Адвокаттың көмекшiлерi еңбек шартының негiзiнде заң консультациясында, адвокат кеңсесiнде немесе адвокаттық қызметпен жеке-дара айналысатын адвокаттың жанында жұмыс iстей алады.
Адвокаттың көмекшiлерi адвокаттың нұсқаулары бойынша және соның жауапкершiлiгiмен адвокаттың тапсырмаларын орындауға құқылы.
3. Жоғары заң білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары ғана адвокаттың тағылымдамадан өтушілері бола алады.
Тағылымдамадан өтушілер адвокаттар алқасы төралқасы қаулысының негізінде кемінде бес жыл адвокаттық қызмет стажы бар адвокаттарда үш айдан бір жылға дейінгі мерзімге тағылымдамадан өтеді. Тағылымдамадан өту адвокаттар алқасы мен тағылымдамадан өтуші арасында жасалатын шарт негізінде жүзеге асырылады.
Тағылымдамадан өтуші ретіндегі жұмыс кезеңі заң мамандығы бойынша жұмыс стажына есептеледі.
4. Тағлымдаманың тәртiбiн, мерзiмi мен шарттарын адвокаттар алқасы белгiлейдi.

Адвокаттың лицензиясы
1. Әділет аттестаттау комиссиясының шешімі негізінде Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі берген адвокат лицензиясы лицензияда көрсетілген адамның адвокаттық қызметпен айналысуына рұқсат беру болып табылады.
2. Лицензия адвокаттар алқасында үш айдан бір жылға дейінгі мерзімде тағылымдамадан өткен адамдарға олар аттестаттаудан өткен жағдайда беріледі. Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдардың аттестаттаудан өту ережесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі бекітетін Адвокаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың мемлекеттiк тiзiлiмi туралы ережеге сәйкес Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі осы тізілімді жүргізеді және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына тарайтын мерзімді баспа басылымдарында адвокаттар лицензияларын беру, лицензияларының қолданылуын тоқтата тұру, лицензияларынан айыру және қолданылуын тоқтату туралы мәліметтерді жариялайды.
3. Аттестаттаудан өтпестен адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия алуға:
1) Қазақстан Республикасы Әділет біліктілік алқасында немесе Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Біліктілік комиссиясында біліктілік емтиханын тапсырған адамдардың;
2) тұрақты судьялардың және өз міндеттерін орындау кезінде атына кір келтіретін теріс қылықтары және заңды бұзғаны үшін судья қызметінен босатылған судьяларды қоспағанда, тұрақты судья болып жұмыс істеген адамдардың құқығы бар.
Прокуратура, тергеу және анықтау органдарында кемінде он жыл жұмыс істеген прокурорлар, тергеушілер мен анықтаушылар, жағымсыз себептер бойынша босатылғандарды қоспағанда, адвокаттар алқасында тағылымдамадан өткеннен кейін емтихан тапсырудан босатылады.
4. Адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия беру туралы шешімді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі қабылдайды.
5. Лицензия негізгі, тұрақты болып табылады және оның күші Қазақстан Республикасының барлық аумағында қолданылады.

Адвокаттың мiндеттерi
1. Адвокат заң талаптарын сақтауға, адвокатураны ұйымдастыру мен оның қызметiнiң принциптерiн басшылыққа алуға, кәсiптiк мiнез-құлық нормаларының талаптары мен адвокаттық құпияны сақтауға мiндеттi. Адвокат өзінің кәсіби біліктілігін үнемі арттырып отыруға міндетті.
2. Егер адвокат осы iс бойынша мүдделерi көмек сұрап өтiнiш жасаған адамның (тараптардың өзара келiсiмi бойынша ара ағайын болған жағдайларды қоспағанда) мүдделерiне қайшы келетiн адамдарға заң көмегiн көрсетiп жүрсе немесе бұдан бұрын көрсеткен болса немесе судья, прокурор, анықтауды жүргiзушi адам, тергеушi, сарапшы, маман, аудармашы, куә, жәбiрленушi немесе куәгер, азаматтық талап қоюшы немесе азаматтық жауапкер ретiнде iске қатысқан жағдайларда, сондай-ақ егер iстi тергеуге немесе қарауға адвокатпен жақын туыстық қатынастағы лауазымды адам қатысса, ол заң көмегiн көрсету туралы тапсырмадан бас тартуға мiндеттi.
3. Адвокат заң көмегiн көрсетуге байланысты өзiне мәлiм болған мәлiметтердi құпия сақтауға мiндеттi және көмек сұрап өтiнiш жасаған адамның келiсiмiнсiз оларды жария етуге құқығы жоқ.
4. Iс бойынша адвокаттың көмек сұрап өтiнiш жасаған адамның жағдайын нашарлататын құқықтық позиция ұстануына тыйым салынады.
5. Адвокаттың қылмыстық iс бойынша қабылданған тапсырмадан бас тартуға құқығы жоқ және ол қорғалатын адамның немесе адвокаттың өзiнiң көзқарасы бойынша әдiлетсiз үкiм шығарылған жағдайда алған белгiленген тәртiппен шағым жасауға мiндеттi.
Адвокат сенім білдірушінің құқықтарын, бостандығы мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге қолайлы әсерін тигізетін іс жүзіндегі мән-жайларды анықтау жөніндегі кез келген, заңмен тыйым салынбаған іс-әрекеттерді орындауға міндетті.
6. Адвокатқа мемлекеттiк қызметте болуға және кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға, оқытушылық, ғылыми немесе шығармашылық қызметтен басқа өзге де ақы төленетiн қызметпен айналысуға тыйым салынады.

Адвокаттың кәсiби мiнез-құлық нормалары
Адвокат заң көмегiн көрсету кезiнде мынадай кәсiптiк ережелердi сақтауға тиiс:
1) көп күш-жiгер не уақыт жұмсауды талап ететiн қажеттi әрекеттер жасаудан жасқанбай ыждағаттылық пен құлшыныс бiлдiру;
2) заң мәселелерiн қарап жатқан органдар мен лауазымды адамдарға қатысты өзiн әдептi ұстау;
3) өз кәсiби мiнез-құлқын көмек сұрап өтiнiш жасаған адамның құқықтары мен заңды мүдделерiне сәйкес қалыптастыра және тежей отырып, iстi негiзсiз сөзбұйдаға салуға, заң көмегiн көрсетудiң заңсыз әдiстерiне, алдауға жол бермеу;
4) көмек сұрап өтiнiш жасаған адамның мүдделерiне адал болу және оның мүдделерiне қарсы қандай да болмасын әрекет жасамау.

Кеңес беру телефон нөмірі: 56-22-26.

 

«Заңды тұлғалар» мемлекеттік дерекқорынан анықтама беру

Мемлекеттік қызметті Әділет министрлігі және аумақтық әділет органдары көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беруді «Азаматтарға арналған Үкімет» коммерциялық емес акционерлік қоғамы, өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы бар болған жағдайда «электрондық үкімет» веб-порталы: www.e.gov.kz жүзеге асырады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (автоматтандырылған).
         Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі: бизнес-сәйкестендіру нөмірін бере отырып, заңды тұлғаларды тіркеу (қайта тіркеу) туралы, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама беру болып табылады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі: электрондық құжат нысанында анықтамалар беру:

     1) тіркелген заңды тұлға, филиал немесе өкілдік туралы;
     2) заңды тұлғаның филиалдары мен өкілдіктерінің бар екендігі туралы;
     3) заңды тұлғаның басқа заңды тұлғаларға қатысуы туралы;
     4) жеке тұлғаның заңды тұлғаларға, филиалдар мен өкілдіктерге қатысуы туралы;
     5) заңды тұлғаны әрекетсіз заңды тұлға деп немесе оның қатысушыларын әрекетсіз заңды тұлғаларға қатысы бар деп тану туралы;
     6) құрылатын заңды тұлғаның атауы тіркелген шаруашылық субъектінің атауымен сәйкес келуі туралы;
     7) заңды тұлғаның барлық тіркеу іс-әрекеттері туралы;
     8) көрсетілген мерзімге тіркелген заңды тұлға туралы;
     9) құрылтай құжаттарына соңғы енгізілген өзгерістер туралы;
     10) заңды тұлғаның үлесіне салынған ауыртпалықтар (тыйым салу) туралы.

Мемлекеттік корпорацияның қызметкері құжаттарды қабылдаған кезде стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды мемлекеттік органдардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінен ұсынылған мәліметтермен салыстырып тексереді, сәйкес келмеген жағдайда көрсетілген қызметті алушыға қайтарылады.
      Ұсынылған құжаттар қолданыстағы заңнамадағы талаптарға сәйкес келген жағдайда, жауапты қызметкер құжаттарды дайындауға кіріседі. Өтініш берушіге құжаттарды беруге дайындау және қарау ұзақтығы 20 минутты құрайды.

Кеңес беру телефон нөмірі: 57-91-54.

 

«Қазақстан Республикасының әділет органдарынан және өзге
мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын
ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін
қызметті алу тәртібі

    "Қазақстан Республикасының әділет органдарынан және өзге мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының Әділет департаменттері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру мынадай баламалы негізде:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

      2) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) www.egov.kz арқылы жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық /қағаз түрінде.

Көрсетілетін қызметті алушы не сенімхат бойынша оның өкілі Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына  сәйкес нысандағы апостиль қою туралы өтініш (бұдан әрі - өтініш);
2) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);

 3) апостиль қойылуға тиіс құжат;

 4) мемлекеттік баждың бюджетке төленгенін растайтын құжат;
 5) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда, нотариатта куәландырылған сенімхат;
 6) басқа мемлекеттік органдар берген құжаттардың қолтаңба мен мөр таңбасының үлгісі.

Портал арқылы жүгінген кезде:
      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық өтініш;
      2) сканерленген көшірмесі түріндегі апостиль қойылуға жататын құжат электрондық сұрау салуға қоса беріледі.

Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру көрсетілетін қызметті алушының (немесе нотариатта куәландырылған сенімхат бойынша өкілінің) жеке басын куәландыратын құжатты ұсынған кезде қолхат негізінде жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік корпорация нәтиженің бір ай бойы сақталуын қамтамасыз етеді, содан соң одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткен соң өтініш жасаған кезде, көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша дайын құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға көрсетілетін қызметті алушыға табыс ету үшін бір жұмыс күні ішінде жолдайды.
     Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында  көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын берген жағдайда Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдап алудан бас тартады және мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына  сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

Кеңес беру телефон нөмірі: 56-03-36.