-A A +A

Басшылық

Берік Серікұлы Беркімбаев – Ақтөбе облысы Әділет департаментінің басшысы. 1980 жылдың 01 ақпанында Оңтүстік-Қазақстан облысының Шымкент қаласында дүниеге келген.

2001 жылы заңгер мамандығы бойынша Алматы қаласындағы Қазақ Мемлекеттік заң академиясын тәмамдады. 2015 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша Ұлыбританияның Шеффилд университетін бітірді. Еңбек қызметін 2001 жылдан бастады.   

2001-2005 жж. аралығында Алматы қ., Оңтүстік-шығыс аймақтық көлік прокуратурасының кадр жұмысы және ішкі қауіпсіздік бөлімінің прокуроры, аға прокуроры.

2004-2005 жж. Астана қ., ҚР Бас прокуратурасының ҚСжАЕК басқармасының аға прокуроры.

2005-2010 жж. аралығында Алматы облысының Талдықорған қаласы бойынша ҚР Бас прокуратурасының ҚСжАЕК басқармасының орынбасары, басқарма басшысы.

2010 жылдың қаңтар айынан сәуір айы аралығында қадр жұмысы бойынша Алматы облыстық Прокурорының аға көмекшісі.

2010-2011 жж. аралығында Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының және Әділет министрлігінің атқару өндірісін қамтамасыз ету  саласы бойынша басшылық лауазымдарда қызмет етті.

2011-2014 жж. аралығында Ақмола облысы сот актілерін орындау департаментінің басшысы. 

2015 жылы Ақмола облысының Әділет департаменті басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды. 

2016 жылдан 2017 жылдар аралығында ҚР Әділет министрлігінің мемлекеттің мүліктік құқығын қорғау жөніндегі департаменті директорының орынбасары болып қызмет етті.

2011ж. «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», 2016ж. «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мемлекеттік медальдарымен марапатталған.

 

Азаматтарды қабылдау күні: күн сайын 15:00 ден – 17:00 ге дейін