-A A +A

Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу бөлімі

Хисматуллина Лилия Гумаровна- нормативтік құқықтық актілерді тіркеу бөлімінің бастығы. Білімі - жоғары, заңгер. 1996 жылдан бастап Ақтөбе облысының әділет саласында қызмет атқарады, 2006 жылдың мамыр айынан бастап бөлім бастығы.

Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу бөлімнің негізгі міндеттері болып:
- нормативтік құқықтық актілерінің Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкестігіне заң сараптамасын жүргізу, жергілікті мемлекеттік органдарының азаматтардың құқықтары мен бостандығына қатысты жалпы міндеттілік мағыналары бар нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеуді жүргізу;
- нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік электрондық және журналдық тізілімін жүргізу;
- нормативтік құқықтық актілері туралы заңнамалардың орындалуына тексерулер жүргізу;
- қалалық және аудандық әділет басқармаларында мемлекеттік тіркелген нормативтік құқықтық актілеріне бақылау жүргізу және жұмыстарын үйлестіру;
- нормативтік құқықтық актілері тіркеу туралы сұрақтар бойынша аналитикалық жұмыс жүргізу;
- нормативтік құқықтық актілері жариялымдарын жалпылау және мониторинг жүргізу;
- нормативтік құқықтық актілерін тіркеу мәселелерімен әділет Департаментінің басқа мемлекеттік органдармен өзара әрекеті;
- нормативтік құқықтық актілердің жүйелілігі мен есебін жүргізу;
- жер қойнауын игеру жөніндегі шарт жобаларының келісімдерін жүргізу.

Бөлім өзіне жүктелген міндеттері мен қызмет бағытына сәйкес мыналарды атқарады:
- азаматтардың құқықтары мен бостандығына қатысты жалпы міндеттілік мағыналары бар нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеуді жүргізу;
- Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің тапсырмасымен нормативтік құқықтық актілерге сараптама жүргізу;
- нормативтік құқықтық актілері жариялымдарына тексерулер жүргізу;
- әкімшілік іс жүргізу;
- нормативтік құқықтық актілер бойынша азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
- жергілікті мемлекеттік органдарға, қала және аудандық әділет органдарына нормативтік құқықтық актілерін тіркеу жөнінде әдістемелік көмек көрсету;
- бөлім құзіретіне кіретін сұрақтар бойынша ведомствоаралық үйлестіру мен бақылауды жүзеге асырады.