-A A +A

Ереже

Ақтөбе облысы Әділет департаментінің жанындағы Мемлекеттік органдардың заң қызметтерін үйлестіру кеңесі туралы
Ереже
 
1. Жалпы ережелер
 
1. Осы Ақтөбе облысы Әділет департаментінің жанындағы Мемлекеттік органдардың заң қызметтерін үйлестіру кеңесі туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) нормашығармашылық процесін реттеу әрі жетілдіру  және құқықтық білімді насихаттау, заңды құрметтеу дәстүрін қалыптастыру, халықтың құқықтық мәдениеті мен құқықтық хабардар болуын арттыру, мемлекеттік бағдарламаларды құқықтық қамтамасыз ету тиімділігін күшейту мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың қызметін ведомствоаралық үйлестіру мақсатында  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі туралы ереженің 14-тармағы мен 19-тармақтың 4) тармақшасы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 қарашадағы № 1116 қаулысымен бекітілген Құқықтық түсіндіру жұмысы, құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, азаматтарды құқықтық оқыту мен тәрбиелеу жөніндегі 2009 - 2011 жылдарға арналған бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 1-тармағы 3) тармақшасы негізінде әзірленді.
2. Үйлестіру кеңесі Ақтөбе облысы Әділет департаментінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
3. Үйлестіру кеңесінің шешімі ұсынымдық сипатта болады.
4. Үйлестіру кеңесі қызметінің мақсаты мемлекеттік органдардың қызметін ведомствоаралық үйлестіру және нормашығармашылық процесі мен құқық түсіндіру жұмыстарын реттеу және жетілдіру мәселелері жөніндегі әдістемелік басшылық жасау болып табылады.
5. Үйлестіру кеңесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
 
2. Үйлестіру кеңесінің негізгі міндеттері
 
6. Үйлестіру кеңесінің негізгі міндеттері:
1) ұлттық заңнаманы қалыптастыру, құқықтық көмекті ұйымдастыру, құқықтық насихат және құқықтық жаппай оқыту мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың қызметін ведомствоаралық үйлестіруді қамтамасыз ету;
2) заңға тәуелді актілерді әзірлеу, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу, құқықтық насихат және құқықтық жаппай оқыту саласында мемлекеттік органдардың жұмысын талдау;
3) жұмысты жетілдіру мәселелері бойынша, сондай-ақ заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру, құқық түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру саласындағы күрделі мәселелер бойынша, құқықтық насихат пен құқықтық жаппай оқыту бойынша ұсыныстар әзірлеу;
4) бірыңғай құқық қолдану тәжірибесін қалыптастыру, құқық нормаларын іске асырудың тиімділігі, азаматтардың құқықтық мәдениет деңгейін, құқықтық оқыту мен құқықтық тәрбиелеуді  одан әрі арттыру, құқық түсіндіру жұмыстарын жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды қарау және әзірлеу;
5) Үйлестіру кеңесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша әдістемелік және түсіндірме материалдарды әзірлеу, құқық қолдану тәжірибесін жинақтау және реттеу бойынша ұсынымдар әзірлеу;
6) құқықтық насихатты, құқықтық тәрбиелеу мен құқықтық жаппай оқытуды жүзеге асыру үшін бұқаралық ақпарат құралдарын кеңінен пайдалану жұмыстарын ұйымдастыру;
7) норма шығармашылық процесін ұйымдастыру және жетілдіру, азаматтарды құқықтық оқыту және құқықтық тәрбиелеу, құқық түсіндіру жұмыстарын жетілдіру саласында халықаралық ұйымдардың озық ғылыми әзірленімдерін, зерттеулерін, үздік шетелдік тәжірибені пайдалану болып табылады.
 
3. Үйлестіру кеңесінің құқықтары
 
7. Үйлестіру кеңесі өз құзыреті шегінде:
1) Үйлестіру кеңесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауға;
2) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан және басқа да ұйымдардан Үйлестіру кеңесінің міндеттерін іске асыру үшін қажет материалдарды сұратуға және алуға;
3) құқық түсіндіру жұмыстары мәселелері бойынша сараптама және консультациялар жүргізу үшін белгіленген тәртіппен орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, ведомстволардың, ұйымдардың мамандарын, отандық және шетелдік мамандарды тартуға;
4) Үйлестіру кеңесінің алдына қойылған міндеттерді іске асыру үшін қажет өзге де шараларды қабылдауға құқылы.
 
4. Үйлестіру нысандары және кағидалары
 
         8. Үйлестіру нормашығармашылық процесін реттеу әрі жетілдіру  және құқықтық білімді насихаттау, заңды құрметтеу дәстүрін қалыптастыру, халықтың құқықтық мәдениеті мен құқықтық хабардар болуын арттыру, экономикалық бағдарламаларды құқықтық қамтамасыз ету тиімділігін күшейту мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың қызметін күшейту жөніндегі мақсаттар мен міндеттердің бірлігі; мәселелерді қою мен шешімдерді қабылдауда әр ведомствоның тәуелсіздігі, бастамашылығы және теңдігі; келісілген іс-шаралар мен ұсынымдарды іске асыру кезінде бір-бірінің ұйымдастырушылық-өкімгерлік қызметіне араласпау; күрделі құқықтық проблемаларды шешуге бірыңғай амалды белгілеу; туындаған мәселелерді шешу кезінде жұмыста қайталауды және ведомстволық амалдарды жою; адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау туралы, мемлекеттік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны қорғау туралы заңнама талаптарына қайшы келмейтін жариялық, нормашығармашылық процесі мен құқықтық насихатты ұйымдастыру саласындағы үздік шетелдік тәжірибені пайдалану негізінде жүзеге асырылады.
         9. Үйлестірудің негізгі нысандары: жекелеген өңірлерді және жалпы ел бойынша заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу және ресми жариялау, құқық түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру, құқықтық насихат және құқықтық жаппай оқыту саласындағы жұмыстың жай-күйін талдау және бірлесіп талқылау; нормашығармашылық процесі мен құқықтық насихатты жетілдіру бойынша бірлескен іс-шараларды әзірлеу; орталық мемлекеттік органдар қызметкерлерінің республика өңірлеріне заңға тәуелді актілерді әзірлеудің, нормативтік құқықтық актілерді тіркеудің заңдылығы, құқықтық насихат пен құқықтық жаппай оқыту жұмыстары саласындағы жұмысты ұйымдастыруда жергілікті мемлекеттік органдарға практикалық көмек көрсету үшін бірлескен іссапарлар; бірлескен бұйрықтар, нұсқаулар әзірлеу және шығару бойынша ұсынымдар беру; заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу, құқық түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру, құқықтық насихат және құқықтық жаппай оқыту проблемаларын талқылау және өзара көмек көрсете отырып, баспасөз конференцияларын, «дөңгелек үстелдерді» бірлесіп өткізу; қызметкерлердің біліктілігін арттыру үшін орталық мемлекеттік органдардың мүмкіндіктерін өзара пайдалану.
 
5. Үйлестіру кеңесінің қызметін ұйымдастыру
 
10. Үйлестіру кеңесін оның қызметіне басшылық жасайтын, отырыстарда төрағалық ететін, оның жұмысын жоспарлайтын, оның шешімдерінің іске асырылуын бақылауды жүзеге асыратын төраға – Ақтөбе облысы Әділет департаментінің басшы орынбасары басқарады.
Төраға жоқ уақытта оның функцияларын Үйлестіру кеңесі төрағасының орынбасары орындайды.
11. Үйлестіру кеңесінің жұмысшы органы Ақтөбе облысы Әділет департаменті болып табылады.
12. Жұмысшы орган Үйлестіру кеңесінің жұмысын ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
13. Үйлестіру кеңесінің жұмысшы органы:
1) күн тәртібін қалыптастырады;
2) Үйлестіру кенесінде қарау үшін ұсыныстарды жинауды жүзеге асырады, мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдар Үйлестіру кеңесінің қарауына енгізетін  ұсыныстарды қалыптастырады;
3) мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдардан Үйлестіру кеңесінің міндеттерін орындау үшін қажет ақпаратты сұратады.
14. Үйлестіру кеңесінің отырыстарын өткізуге ұйымдастыруды, тиісті құжаттарды, материалдарды дайындауды және Үйлестіру  кеңесінің отырысынан кейін хаттаманы ресімдеуді Үйлестіру кеңесінің хатшысы жүзеге асырады.
Хатшы Үйлестіру кеңесінің мүшесі болып табылмайды.
15. Үйлестіру кеңесінің жұмысы бірлесіп қабылданған тоқсандық жұмыс жоспарларының негізінде құрылады. Жұмыс жоспарларына ұсынысты Үйлестіру кеңесінің мүшелері есептік тоқсан басталғанға дейін               20 жұмыс күнінен бұрын төрағаның атына ұсынады. Бұл ретте ұсыныстар жеке сипатта болмауға тиіс.
Жоспар жобасының түпкілікті нұсқасы Үйлестіру кеңесінің төрағасына қол қоюға ұсынылады.
Жедел жағдайдағы өзгерістерге байланысты Үйлестіру кеңесінің жұмыс жоспарына Үйлестіру кеңесі мүшелеріне бұл туралы хабарлай отырып, түзетулер енгізілуі мүмкін.
Үйлестіру кеңесі мүшесінің бастамасы бойынша жоспардан тыс мәселелер қарауға енгізілетін оның кезектен тыс отырыстары шақырылуы мүмкін.
16. Үйлестіру кеңесінің қарауына материалдар дайындауды жұмыс жоспарында бірінші көрсетілген орталық мемлекеттік орган жүзеге асырады. Іс-шараларды бірге орындаушылар жауапты орындаушыға қажетті материалдарды жұмыс жоспарында көрсетілген айдың 5-ші күнінен кешіктірмей ұсынады. Көлемі 8 бетке дейін анықтамалар, қаулылардың, бірлескен ұсыным хаттардың, нұсқаулардың, бұйрықтардың (3 бетке дейін)  жобалары, шақырылған адамдардың тізімі (тегі, аты, әкесінің аты мен атқаратын лауазымы көрсетілген) Хатшыға отырыс күніне дейін 7 күн бұрын ұсынылады.
Үйлестіру кеңесінің мүшелері Үйлестіру кеңесінің материалдарын дайындау және хаттамаларды орындау шеңберінде Үйлестіру кеңесінің мүшелеріне белгіленген мерзімде осы органдардың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ақпаратты, материалдарды және өзге де талдау құжаттарын беру туралы тапсырма жібере алады.
Ұсынылған материалдардың негізінде Хатшы күн тәртібін дайындайды. Ол Үйлестіру кеңесінің төрағасы бекіткеннен кейін отырыс басталғанға дейін үш күннен кешіктірмей барлық қажетті құжаттармен бірге Үйлестіру кеңесінің мүшелеріне тапсырылады.
17. Үйлестіру кеңесінің отырысын оның төрағасы өз бастамасымен, Үйлестіру кеңесінің төрағасы орынбасарының бастамасымен не Үйлестіру кеңесі мүшелерінің бастамасымен Үйлестіру кеңесінің қарауына ұсынылатын материалдардың негізінде шақырады.
Үйлестіру кеңесінің отырысы қажеттілігіне қарай, бірақ кемінде тоқсанында бір рет өткізіледі және егер оған Үйлестіру кеңесі мүшелерінің жалпы санынан кемінде жартысы қатысса, заңды деп есептеледі.
18. Үйлестіру кеңесі отырыстарының қорытындысы бойынша отырысқа  қатысқан Кеңестін Төрағасы, барлық оның мүшелері, хатшы қол қоятын хаттамамен ресімделетін шешім қабылданады.
19. Үйлестіру  кеңесінің шешімдері отырысқа қатысқан мүшелердің жалпы санынан көпшілік жай дауыспен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
 
6. Үйлестіру кеңесінің құрамы
 
20. Үйлестіру кеңесі тұрақты мүшелерден және Хатшыдан тұрады.
Үйлестіру кеңесінің тұрақты мүшелері:
1) Ақтөбе облысы Әділет департаментінің басшы орынбасары, Кеңестің төрағасы;
2) Ақтөбе облысы Әділет департаментінің басшы орынбасары, Кеңес төрағасының орынбасары;
3) Ақтөбе облысы Әділет департаментінің құқықтық түсіндіру және халыққа заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің басшысы;
4) Ақтөбе облысы Әділет департаментінің нормативтік құқықтық актілерді тіркеу бөлімінің басшысы;
5) Ақтөбе облысы Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқықтары бөлімінің басшысы;
6) Ақтөбе облысы Әділет департаментінің персоналмен жұмыс және ішкі қауіпсіздік бөлімінің басшысы;
7) Ақтөбе облысы Әділет департаментінің жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу жұмысын ұйымдастыру бөлімінің басшысы;
8) Ақтөбе облысы Әділет департаментінің заңды тұлғаларды тіркеу жұмысын ұйымдастыру бөлімінің басшысы;
9) Ақтөбе облысы Әділет департаментінің азаматтық хал актілерін тіркеуді және апостильдеуді қамтамасыз ету бақылау бөлімінің басшысы;
10) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің  Ақтөбе облысы бойынша Департаментінің өкілі
11) Құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитетінің Ақтөбе облысы бойынша басқармасының өкілі
12) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Инспекциясының өкілі
13) Ақтөбе облысы бойынша Ішкі істер департаментінің өкілі;
14) Ақтөбе облысы бойынша сот сараптамасы институтының өкілі;
15) Ақтөбе облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының өкілі;
16) Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасының өкілі;
17) Ақтөбе облысы әкімінің аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмысы бөлімінің өкілі
18) «Жылжымайтың мүлік орталығы» Ақтөба облыстық филиалының өкілі;   
19) Ақтөбе облысының білім басқармасының өкілі;
20) Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасының өкілі;
21) Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының өкілі
22) Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқарамасының өкілі;
23) Ақтөбе облысының сәулет және қала құрылысы басқармасының өкілі
24) Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының өкілі
25) Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы
26) Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасының өкілі;
27) Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының өкілі
28) Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының өкілі
29) Ақтөбе облысының жер қатынастары бойынша басқармасының өкілі;
30) Ақтөбе облысы бойынша қылмыстық атқарушы жүйе департаментінің өкілі
31) Ақтөбе облысы бойынша төтенше жағдайлар департаментінің өкілі;
32) Ақтөбе облысы бойынша қаржылық бақылау инспекциясының өкілі;
33) Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің өкілі;
34) Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің өкілі.
Үйлестіру кеңесінің отырысына қажет кезде, қарастырылатын мәселелерді ескере отырып, соттардың және өзге де мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылуы мүмкін.
 
7. Үйлестіру кеңесінің қызметін тоқтату
 
21. Ақтөбе облысы Әділет департаментінің басшы бұйрығымен Үйлестіру кеңесінің қызметін тоқтатуға негіз болып табылады.