-A A +A

Әділет органдарының ардагерлері

Барышев Серожатдин Жолдыбайұлы
15.08.1948 жылы Ақтөбе облысында туылған. Әділет органдарындағы жалпы еңбек өтілі 13 жыл. 1995 жылдан бастап Ақтөбе облысы Әділет департаментінің бастығының лауазымында  қызмет атқарған. Қызметтік міндеттерін адал, әділ және сапалы атқарғаны үшін бірнеше рет Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің алғыс хатымен және мақтау қағазымен марапатталған. «Құрмет» орденінің иегері.
Әшіров Амангелді Ермаханұлы
02.07.1949 жылы Қызылорда облысында туылған. Әділет органдарындағы жалпы еңбек өтілі 14 жыл. 2010 жылдан бастап 2012 жыл аралығында Ақтөбе облысы Әділет департаментінің бастығы лауазымында қызмет атқарған, лауазымдық міндеттерін үлгілі орындағаны үшін Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің мақтау қағазымен марапатталған.
Хисматуллина Лилия Гумаровна
13.08.1954 жылы Орынбор қаласында туылған, Әділет органында әртүрлі лауазымдарда 18 жыл қызмет атқарған  және  «10 жыл Астана» медалімен марапатталған.
Ізімбетова Раиса Әмірадинқызы
20.07.1954 жылы Ақтөбе облысында туылған. Әділет органдарындағы жалпы еңбек өтілі 17 жыл.1995 жылдан бастап 2004 жылдар аралығында Хромтау аудандық АХАЖ бюросының меңгерушісі, 2004 жылдан бастап 2012 жылдар аралығында Хромтау аудандық Әділет басқармасының бастығы лауазымында қызмет атқарған. Қызметтік міндеттерін адал, әділ және сапалы атқарғаны үшін Ақтөбе облысы Әділет департаментінің басшысының мақтау қағазымен марапатталды. Әділдікті, заңдылықты қамтамасыз ету жолында Әділет органындағы мінсіз қызметі үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі Комитеті Төрағасының мақтау қағазымен марапатталды. «Қазақстан Республикасының білім Үздігі» мемлекеттік марапат иегері. Халықтар бірлігі мен достығын нығайтуға, еліміздің мәдениеті мен әлеуметтік-экономикалық өркендеуіне қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасының «Құрмет грамотасымен» марапатталды.
Исембаева Дәмегүл Дусембайқызы
12.11.1951 жылы Ақтөбе облысында туылған. Әділет органдарындағы жалпы еңбек өтілі 23 жыл. 1986 жылдан бастап 1998 жылдары аралығында Октябрь аудандық АХАЖ бюросының меңгерушісі, 1998 жылдан бастап 2009 жылдар аралығында Мұғалжар аудандық Әділет басқармасының бастығы лауазымында қызмет атқарған.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығын мерекелеуге орай, қызметтік міндеттерін адал, әділ және сапалы атқарғаны үшін Ақтөбе облысы Әділет департаментінің басшысының мақтау қағазымен марапатталды.
Тимиргалиева Мария  Абакировна
12.11.1951 жылы Челябинск облысында туылған. Әділет органында 2000 жылдан бастап 2009 жылдар аралығында Ақтөбе облысы Әділет департаментінің есепшісі лауазымында 9 жыл қызмет атқарған, жұмыс жасаған кезеңінде қызметтік міндеттерін адал, әділ және сапалы атқарғаны үшін Ақтөбе облысының Әділет департаменті бастығының мақтау қағазымен марапатталған.
 

Айсина Баян Мадиевна

02.09.1957 жылы Қарағанды облысы  Қарқаралы қаласында дүниеге келген. Сот  жүйесінде және Әділет органдарында  жалпы еңбек өтілі 15  жыл.  2013 жылдан 2015 жылдар аралығында Ақтөбе облысы Әділет департаментінің  бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы лауазымында қызмет атқарған және  «10 жыл Астана» медалімен, «Заңгер» 3 дәрежелі төс белгісімен марапаталған.

 
 
Құрметті қызметкерлер
Мамбетова Валентина  Темирбулатовна
07.10.1963 жылы Ақтөбе облысы Қарғалы ауданында дүниеге  келген. Әділет органдарындағы жалпы еңбек өтілі 29 жыл. «Қазақстан Конституциясына-10 жыл», «10 жыл Астана», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалдарімен  марапатталған.
Имашева Галина Джумановна
15.07.1956 жылы Ақтөбе облысы Қарғалы ауданында  дүниеге келген. Әділет органында әртүрлі лауазымдарда  9  жыл қызмет атқарды. 2012 жылы ҚР ӘМ ІІІ дәрежелі «Заңгер» төсбелгісімен  марапатталған.