-A A +A

Нотариаттық палата

Ақтөбе облысының Нотариаттық палатасы
 
1999 жылдың 09 наурызында әділет Басқармасымен тіркелген, мемлекеттік тіркеу № 6093-1904-НП. (14.07.1997 жылғы ҚР «Нотариат туралы» Заңының 26 бабына сәйкес Нотариаттық палата коммерциялық емес, кәсіптік, өзін - өзі қаржыландыратын, жеке тәжірибемен айнылысатын нотариустардың құқықтарын және заңдық қызығушылықтарын қорғайтын, сондай – ақ, нотариустардың нотариалдық іс - әрекеттерді жасауда заңдылықты сақтауын бақылауды жүзеге асыратын ұйым болып табылады).
Мекен жайы:Ақтөбе қ., Әбілқайыр хан д.,27 үй, корпус 1. пошталық индексі 030020. телефон-факс 55-08-45, телефон 55-02-28.
Төрағасы - Рысқұлов Жорахан Ермаханұлы
Орындаушы директор - Коняхин Артем Николаевич.
Дүйсенбі – жұма 9-00 - дан 13–00 – ге дейін және 14–00 - ден 18-00 дейін, демалыс күндері – сенбі және жексенбі.
Нотариаттық палата азаматтардан Ақтөбе облысы нотариустарының әдептілік тәртібіне келіп түскен жазбаша арыздарын, нотариаттық әрекеттерге алынған соммалардың заңдылығын тексереді. Нотариалдық әрекеттер соттық тәртіпте шағымдалады.
Ақтөбе облысы бойынша Нотариаттық палатаның филиалы: «Жеке нотариалдық мұрағат» (14.07.1997 жылғы ҚР «Нотариат туралы» Заңының 29-1 бабына сәйкес Жеке нотариалдық мұрағат ҚР Ұлттық мұрағат қоры және мұрағат туралы Заңына сәйкес нотариалдық құжаттарды жинау, сақтау және қолдану қызметін жүзеге асырады).
Нотариаттық палата филиалымен нотариалдық әрекеттер тралы мәліметтер немесе нотариуспен берілген құжаттардың көшірмелері нотариус Ақтөбе облысы бойынша Нотариаттық палатаның мүшелігінен шығарылған және барлық нотариаттық құжаттарын «Жеке нотариалдық мұрағатқа» тапсырған жағдайда беріледі. Нотариаттық іс - әрекет туралы мәліметтер және құжаттар тек нотариаттық әрекеттер жасауға тапсырыс берген жеке және заңды тұлғаларға немесе олардың өкілді тұлғаларына, сонымен қатар, соттың жазбаша талабы бойынша, тергеу және анықтама органдарының, прокуратура органдарының, жүргізіліп жатырған іске қажет болуына байланысты атқару органдарының, сондай – ақ, Заң бойынша нотариустардың қызметінің тексерісін жүзеге асыратын әділет органдарының және нотариалдық Палатының талабы бойынша беріледі. Нотариалдық Палатының филиалы нотариустың немесе соттың жазбаша сұрауы бойынша Ақтөбе қаласының нотариустарымен жүргізілген мұрагерлік істің бары не жоғы туралы ақпарат ұсынады.
Барлық мәліметтер тегін ұсынылады.
Жол схемасы – 12, 26, 15 автобустарының бағдары, «Электрон» аялдамасы, Ақтөбе облысының статистика басқармасының артында.