-A A +A

Жылжымайтын мүлік орталығы

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Жылжымайтын мүлік орталығы»
шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынының Ақтөбе облыстық филиалы
 
Ақтөбе облысы әкімшілігі басшының 1995 жылғы 16 мамырдағы № 76 қаулысына сәйкес Ақтөбе облысы техникалық тексеру Бюросы таратылып, оның орнына Ақтөбе облысы бойынша «Жылжымайтын мүлікті тіркеу және бағалау жөніндегі Басқармасы» құрылған болатын.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 15 тамыздағы № 1261 қаулысы негізінде Ақтөбе облысы бойынша «Жылжымайтын мүлікті тіркеу және бағалау Агенттігінің басқармасы» Ақтөбе облысы «Жылжымайтын мүлік жөніндегі Орталық» республикалық кәсіпорны болып қайта құрылған болатын.
Одан әрі, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 15 маусымдағы № 771 қаулысына сәйкес Ақтөбе облысы бойынша «Жылжымайтын мүлік жөніндегі Орталық» республикалық кәсіпорны Ақтөбе облысы бойынша «Жылжымайтын мүлік жөніндегі Орталық» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығында) қайта тіркелген болатын.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 18 қыркүйектегі № 816 қаулысы негізінде Ақтөбе облысы бойынша «Жылжымайтын мүлік жөніндегі Орталық» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығында) Ақтөбе облысы бойынша «Жылжымайтын мүлік жөніндегі Орталығы» республикалық мемелекеттік қазыналық кәсіпорны (оперативтік басқару құқығында) қайта ұйымдастыру арқылы құрылған болатын, сол мекеме қазіргі таңда да жұмыс істейді.
Орталықтың құрылтайшысы (мемлекеттік меншік құзыретін іске асырушы субъект) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру жөніндегі Комитеті болып табылады (Өкілеттік орган).
Орталықтың мемлекеттік басқару органы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті болып табылады (Мемлекеттік басқару органы).
Кәсіпорынның ұйымдық құрылысы Ақтөбе облысы әкімшілік-аумақтық бірлігіндегі филиалдар жүйесімен қоса облыстық орталық кеңседен құрылған.
Барлығы 13 филиал бар, Ақтөбе облысының әр ауданында бір-бірден, ал Мұғалжар ауданында екі филиал, оның ішінде біреуі аудан орталығы Қандыағаш қаласында және Ембі қаласында біреуі орналасқан.
Сонымен қатар, Орталықтың бір филиалы Ақтөбе қаласы, Қарғалы селолық округінде, Қарғалы селосында орналасқан.
Кәсіпорнының негізгі қызметінің нысаны мен мақсаты ғимараттар мен құрылыстардың және (немесе) олардың бөліктерін жылжымайтын мүлікке құқықты және онымен жасалынатын мәмілені мемлекеттік тіркеу және жылжымалы мүлік кепілдігін тіркеу мақсаты үшін техникалық түгендеу жүргізу.
Осы қойылған мақсатты жүзеге асыру үшін кәсіпорын мынадай қызмет түрлерін көрсетеді:
• Ғимараттар мен құрылыс және (немесе) олардың бөліктерінің алғашқы және қайталама нысандарына техникалық түгендеу жүргізу сонымен қатар, алғашқы және қайталама нысандарына кадастрлық нөмір беру;
• жылжымайтын мүлік нысандарына техникалық құжаттар дайындау;
• құқықтық кадастр жүргізу үшін қажетті жылжымайтын мүлік нысандарының техникалық сипаттамаларын анықтау;
• міндетті тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілдігін тіркеуді жүзеге асыру;
• міндетті тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілдігінің тіркелуі бойынша ақпараттық қызмет көрсету;
• кәсіпкерлік қызметте пайдаланылмайтын жеке тұлғалар салық салу нысандарын бағалау.
 
Директор – Әбдіхалықов Темірбек Әбдібекұлы.
 
Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., А.Молдагулова даңғылы, 46 үй