-A A +A

Зияткерлік меншік туралы кітапханада

          Қоғамда заңды құрметтеу, зияткерлік меншік құқықтары туралы тегін заң кеңесін беру және құқықтық ақпараттандыру мақсатында Ақтөбе облысы әділет департаментімен облыстық ғылыми-техникалық кітапханасы ұжымымен кездесу өткізілді.

            Кездесуде ұжымға зияткерлік меншікті қорғау мәселелері, заңнамалардағы өзгерістер мен толықтырулар жөнінде сөз қозғалып, ұжым мүшелерінің зияткерлік меншік объектілеріне құқықты тіркеу, контрафактілік өнімдерді пайдаланудың жағымсыз салдары туралы қойған сұрақтарына жауап берілді.

Ақтөбе облысы әділет департаментінің

зияткерлік меншік құқықтары бөлімі