-A A +A

«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу барысында шығарылған бас тартулардың себептерін қарау және оларды жою тәсілдері».

      2017 жылдың 7 желтоқсанында Ақтөбе облысы Әділет департаментінің  жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу жұмысын ұйымдастыру бөлімі Әділет департаменті басшысының орынбасары М.Сатыбалдиннің төрағалығымен «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ – ның филиалы – Ақтөбе қаласының «Халыққа қызмет көрсету орталығы», Ақтөбе облыстық нотариалдық палатасы және Ақтөбе қалалық Әділет басқармасының өкілдерінің қатысумен «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу барысында шығарылған бас тартулардың себептерін қарау және оларды жою тәсілдері» тақырыбында тақырыбында дөңгелек үстел өтті.         

    Іс – шараның мақсаты – ағымдағы жылдың 3 айы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде аумақтық әділет органдарымен жасалған бас тартуларға сәйкес жасалған талдауды қарау.

    Сонымен қатар, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласы бойынша Корпорация қызметкерлеріне тіркеуге қабылданған құжаттардың сапалылығын арттыру үшін және құжаттарды сапалы  рәсімдеуде нотариустармен тоқсан сайын семинарлық сабақтар өткізу жөнінде шешім қабылданды.

                                                                                 Жылжымайтын мүлікке

                                                                     құқықтарды тіркеу жұмысын

                                                                     ұйымдастыру бөлімі