-A A +A

Жергілікті атқарушы органдардың нотариаттық іс-әрекеттер жасауға уәкілетті лауазымды тұлғаларына арнайы семинар

2017 жылдың 20 қарашасында Әділет департаментінің құқықтық түсіндіру және халыққа заңгерлік қызмет көрсету бөлімі жергілікті атқарушы органдардың нотариаттық іс-әрекеттер жасауға уәкілетті лауазымды тұлғаларына арнайы ҚР  Нотариат аясындағы заңнамаларды және мемлекет кепілдік берген заң көмегін алу мен көрсетілу тәртібін түсіндіру аясында және т.б. семинар өткізді. 

ҚР «Нотариат туралы» Заңына сәйкес, елдi мекенде нотариус болмаған жағдайда аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң әкiмi аппаратының нотариаттық iс-әрекеттердi жасауға уәкiлеттi лауазымды адамы келесі  нотариаттық iс-әрекеттер жасайды: 1)өсиеттердi куәландырады; 2)сенiмхаттарды куәландырады;  3)құжаттар көшiрмелерiнiң және олардан алынған үзiндiлердiң дұрыстығын куәландырады; 4)өтiнiштерге қойылған қолдың түпнұсқалығын куәландырады.

 

Ақтөбе облысы  Әділет департаментінің  Баспасөз қызметі