-A A +A

«Жеке табыс салығы бойынша декларация тапсыру кезінде кемшіліктерге жол бермеу мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізу» атты тақырыпта семинар өтті

Ағымдағы жылдың 28 қыркүйек Ақтөбе облысының Әділет департаментінде бөлім басшыларының, Департамент мамандары мен қалалық басқарма мамандарының қатысуымен «Жеке табыс салығы бойынша декларация тапсыру кезінде кемшіліктерге жол бермеу мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізу»  тақырыбында семинар өткізілді.

Семинарға "Ақтөбе қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының «Жеке тұлғалардан ақпараттарды қабылдау және өңдеу орталығы» бөлімінің бас маманы Утеуова Ақмарал Шмитқызы шақырылды.

Семинар мақсаты – Департамент қызметкерлерінің жеке табыс салығы бойынша декларация тапсыру кезінде кемшіліктерге жол бермеу, алдын алуға бағытталған ҚР заңнама талаптарын оқыту.