-A A +A

Жеке сот орындаушыларының қызметіне ақы төлеу!

Ақтөбе облысы Әділет департаменті, «Ұлт жоспарының» 27-қадамына сәйкес, жеке сот орындаушыларының санының көбейтіліп және мемлекеттік сот орындаушылары қызметінің кезеңмен қысқартылып жатырғандығын хабарлайды.

Жеке сот орындаушыларымен атқару құжаттарының орындалуы өтемақылы сипатта және өз қызметіне төлем төлеуді қарастырады.

Жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу борышкерден өндіріп алынған қаражат есебінен жүргізіледі және он мың айлық есептік көрсеткіштен аспайтын шекті мөлшерін белгілей отырып, істердің санаты мен өндіріп алу сомасына қарай үштен жиырма бес пайызға дейінгі мөлшерде белгіленеді. Мүліктік емес сипаттағы атқарушылық құжаттар бойынша жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу айлық есептік көрсеткішпен белгіленеді.

Қазіргі уақытта жеке сот орындаушыларының қызметіне ақы төлеу мөлшері ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 4 мамырдағы №437 қаулысымен бекітілген.

Жеке сот орындаушыларының қызметіне ақытөлеу сомасы атқару құжатының санатына байланысты келесі тәртіпте бекітіледі:

1) мүліктік /ақшалай/ сипаттағы атқару құжаттары үшін сомасы бойынша:

60 АЕК-ке дейін - 25 % өндіру сомасы мөлшерінен (136 140 теңгеге дейін);

60-тан 300 АЕК-ке дейін - 20 % өндіру сомасы мөлшерінен (680 700 теңгеге дейін);

300 –ден 1 000 АЕК-ке дейін -  15 % өндіру сомасы мөлшерінен (2 269 000 теңгеге дейін);

1 000-нан 5 000 АЕК-ке дейін - 10 % өндіру сомасы мөлшерінен (11 345 000 теңгеге дейін);

 5 000-нан 10 000 АЕК-ке дейін - 8 % өндіру сомасы мөлшерінен (22 69 000 теңгеге дейін);

10 000-нан 20 000 АЕК-ке дейін - 5 % өндіру сомасы мөлшерінен ( 45 380 000 теңгеге дейін);

 20 000-нан жоғары -   3 % өндіру сомасы мөлшерінен;

2) мүліктік емес сипаттағы атқару құжаттары үшін:

         -үйден шығару немесе үйге кіргізу, борышкерді белгілі бір іс әрекеттерді жасауға немесе жасамауға міндеттеу – жеке тұлғалардан 50 АЕК (113 450 теңге), заңды тұлғалардан 100 АЕК (226 900 теңге);

-талапты қанағаттандыру туралы, мүлікті тыйымнан босату және басқа сипаттағы атқару құжаттары - жеке тұлғалардан 20 АЕК (45 380 теңге), заңды тұлғалардан  40 АЕК (90 760 теңге);

3) мерзімді орындаудағы атқару құжаттары үшін:

- алимент және зиянды мертігуге байланысты немесе басқа денсаулыққа тиген зиянды өтеу бойынша, 1 АЕК өндіру сомасы мөлшерінен тоқсан сайын.

Жеке сот орындаушыларының қызметін ұйымдастыру бөлімі