-A A +A

Әйтеке би ауданында кезекті семинар өтті

        2017 жылы қазанның «19» күні Әйтеке би аудандық Әділет басқармасымен аудандық ХҚКО қызметкерлеріне мемлекеттік қызметтің сапасын арттыру мақсатында - «Жылжымайтын  мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу» тақырыбында семинар өткізілді.

       Семинар барысында басқарманың бас маманы А.Б Құлманова- жылжымайтын мүлікке құқықты мемлекеттік тіркеуге ұсынылған құжаттарды қабылдау кезінде «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көрсетілген тәртіп бойынша өтініштер қабылдануы керектігі туралы айтты.

      Қатысушылар тарапынан бірнеше сұрақтар қойылып барлығына толық жауаптар алынды.

 

Басқарма басшысы                                                                                                   Р.К Жетруова