-A A +A

Әйтеке би ауданында «дөңгелек үстел» өткізілді

           2017 жылдың қарашаның «08» күні Әйтеке би аудандық әділет басқармасында басқарманың басшысы Р.К Жетруова, басқарма бас маманы А.Б Құлманова, нотариус Р.А Біртаев, аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры М.Т Сейтенов, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің орынбасары Е.Р Бозбетовтың қатысуларымен «Doing Bussines» Әлемдік Банкінің рейтингісінде Қазақстанның позициясын көтеру» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді.

          Дөңгелек үстелдің басты мақсаты – «Doing Business» Дүниежүзілік банк рейтингісінде Қазақстанның ұстанымын жақсарту.

          Іс шара барысында басқарманың басшысы қатысушыларға Әділет басқармасымен Дүниежүзілік Банктің «Doing  Business» Әлемдік рейтингісінде «Кәсіпорын ашу», «Меншікті тіркеу» көрсеткіштерін жақсартуда жүргізіліп жатқан жұмыстары туралы айтты.

 

Әйтеке би аудандық әділет басқармасы