-A A +A

Әйтеке би аудандық әділет басқармасында «Ашық есік күні» акциясы өтті

         2017 жылдың қазан айының 18 күні Әйтеке би аудандық әділет басқармасының басшысы Р.К Жетруова, басқарма бас маманы А.Б Құлманова, нотариус Р.Біртаевтың қатысуларымен аудандық әділет басқармасының ғимаратында кезекті «Ашық есік күні» акциясы өткізілді.  

         Іс-шараның мақсаты халықтың құқықтық мәдени денгейін одан әрі арттыру,  халыққа тегін заң көмегін көрсету.

        Акция барысында аудан тұрғындарына тегін заңгерлік көмек көрсетіліп,   жылжымайтын мүлікке  құқықты электрондық тіркеу туралы және заңды тұлғаларды электронды тіркеу туралы түсіндірмелер берілді.

 

Басқарма басшысы                                                                                                   Р.К.Жетруова