-A A +A

Ұлттық инновациялар байқауы 2017

Қазақстанда Ұлттық инновациялар байқауы басталды. Байқаудың негізгі мақсаты - барлық жастағы өнертапқыштарды,  мектеп оқушыларынан бастап ірі кәсіпорындарға қамту болып табылады.

Ұлттық инновациялар байқауына өтінімдер www.natd.gov.kz ресми сайтында қабылдануда.

 «Орта мектеп оқушылары арасындағы үздік инновациялық жоба» номинациясына 8-11 сынып оқушылары және колледжде оқитын 1-2 курс студенттері қатыса алады.

Конкурсқа қатысу үшін үміткер ғылым, технология, инженерия немесе математика (STEM) салаларындағы жоба туралы 2,5 минуттан аспайтын видео түсіріп, YouTube порталына жүктеп, сайтқа онлайн өтінім жолдау кезінде сілтемесін көрсету керек.

«Орта мектеп оқушылары арасындағы үздік инновациялық жоба» номинациясының жеңімпаздары бағалы сыйлықтарға ие болады.

«Студенттер арасындағы үздік инновациялық жоба» номинациясының жеңімпазы 1,5 млн.теңгені құрайтын бас жүлдеге ие болады, жүлдегерлер (2 және 3 орын) 1 млн.теңге және 700 мың теңгеден алады.

Аталмыш номинация бойынша 25 жасқа дейінгі ЖОО студенттері (өтінім беру кезінде) қатыса алады.

Жылдың үздік өнертапқыштық шешімі. Номинацияның негізгі мақсаты – өнертабыстық қозғалысты насихаттау және қолдау, шығармашылық міндеттерді атқарған кезде өнертапқыштардың шығармашылық әлеуеті мен Қазақстанның әр түрлі кәсіпорындарында тиімді өндірісті ынталандыру.

Жүлде қоры 5 млн. теңгені құрайтын болады: 1 орын үшін – 2,5 млн. теңге; 2 орын үшін – 1,5 млн. теңге; 3 орын үшін – 1 млн. теңге қарастырылған.

Бұдан басқа, БАҚ өкілдері арасында инновация тақырыбындағы үздік журналистік материалдар байқауы ұйымдастырылады. Бұл номинацияда келесі аталымдар бойынша үздіктер анықталатын болады:

«Мерзімді басылымдағы үздік материал»;

«Үздік радиоматериал»;

«Үздік телевизиялық сюжет»;

«Үздік интернет-материал».

Байқауға 2016 жылғы 1 қаңтар мен 2017 жылғы 30 қыркүйек аралығында БАҚ-та жарияланған/орналастырылған телесюжеттер, радиоматериалдар, жарияланымдар қатыстырылады.

Журналистерге арналған номинациясының жеңімпаздары мен жүлдегерлері (2,3 орындар) 300 мың теңгеден, 200 және 100 мың теңгеден ақшалай сыйлыққа ие болады.

Байқауға қатысу үшін өтінімдерді қабылдау 2017 жылғы 1 қазанға дейін жүзеге асырылатын болады.

Байқау туралы толық мәлімет және онлайн тіркеу www.natd.gov.kz сайтында, анықтамалар телефондары +7 (7172) 571 014