-A A +A

«Терроризм және интернет» тақырыбындағы семинар

2017 жылдың 31 тамызында Ақтөбе облысының Әділет департаментінде  бөлім басшыларының, аға сот орындаушыларының, Департамент мамандары мен қалалық басқарма мамандарының қатысуымен «Терроризм және интернет»  тақырыбында семинар өткізілді.
Семинарға "Аңсар" кеңес беру-оңалту орталығы" қоғамдық бірлестігінің  талдау және мониторинг бөлімінің басшысы Н.Ш. Разақов шақырылды.
Семинар мақсаты – Департамент қызметкерлерінің арасында діни сауаттылықты арттыру, діни экстремизм көріністерінің алдын алу және терроризмге жол бермеу арқылы қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
                                    
Персоналмен жұмыс және
ішкі қауіпсіздік бөлімі