-A A +A

Терминологиялық cекцияның отырысы өткізілді

        Терминологиялық секцияның 2017 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 25 желтоқсанында Ақтөбе облысы Әділет департаментінің терминологиялық секциясының кезекті отырысы өткізілді.

Отырыс барысында Әділет департаментінің құрылымдық бөлімшелері тарапынан түскен, әділет органдары қызметінде тәжірибелік маңызы бар терминдері талқыланды. Терминологиялық секция мүшелері терминдердің дұрыстығы мен дәйектілігін анықтап,тілдік тұрғыдан жүйелеуді қажет ететін және сыңаржақты мағыналары бар терминдерді талқылауға салды.

Терминологиялық секция отырысының соңында қаралған терминдерді ҚР Әділет Министрлігінің жанындағы салалық терминологиялық комиссиясына аударма жасау жөнінде ұсыныс енгізу үшін жолдау қажеттілігі туралы  шешім қабылданды.

 

                                               Ақтөбе облысы Әділет департаментінің ұйымдастыру-талдау жұмысы бөлімі