-A A +A

Тақырыбы: «Doing Business» рейтингіндегі ұстанымдарын жақсарту сұрақтары талқыланды.

         Ақтөбе облысының әділет департаменті, атап айтқанда жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу бөлімі басшы орынбасары Ә.Тасыбаеваның төрағалығымен Ақтөбе қаласы жер қатынастары, Ақтөбе қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімдерінің, Ақтөбе қаласы жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаментінің, Ақтөбе қалалық әділет басқармасы өкілдерінің қатысуымен семинар өткізді.

         Семинардың мақсаты - Қазақстанның Бүкіләлемдік Банктің «Doing  Business» рейтингіндегі ұстанымдарын жақсартуға байланысты сұрақтарды талқылау және Ақтөбе облысы әкімдігінің ағымдағы жылғы 25 тамыздағы тапсырмаларын жүзеге асыру.

         Семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға жер телімдерін беру мен құрылыс саласындағы рұқсат алу процедураларынан өткен кезде құжаттар тізімі мен мерзімін қысқарту жөніндегі мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен регламенттеріне өзгеріс енгізу туралы ұсыныстар беру айтылды.

         Сонымен қатар, семианр қатысушыларына жылжымайтын мүлік пен заңды тұлғаларды тіркеу сұрақтары бойынша жаңалықтар түсіндірілді, оның ішінде бизнесті электронды тіркеу, қайта тіркеу, таратылуын тіркеудің артықшылықтары айтылды.

 

 

Жылжымайтын мүлікті және

заңды тұлғаларды тіркеуді

ұйымдастыру бөлімдері.