-A A +A

Тағылымдамадан өткен және жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу туралы

Ақтөбе облысының Әділет департаменті, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Абай даңғылы, 17,  анықтама үшін телефон: 8 (7132) 56 83 48, электрондық мекенжай: s.minbaev@adilet.gov.kz  тағылымдамадан өткен және жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу туралы  жариялайды.

Аттестаттау  «Тағылымдамадан өткен және жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартына, 30.11.2015 ж. № 605 Әділет министрінің бұйрығымен бекітілген, Тағылымдамадан өткен және жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды тестілеу және аттестаттаудан өткізу қағидаларына сәйкес өткізіледі.

Жеке сот орындаушы қызметімен айналысу құқығына үміткер болған аттестаттауға жіберілген үміткерлердің тізімі:

30.11.2015 ж. № 605 Әділет министрінің бұйрығымен бекітілген, тағылымдамадан өткен және жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды тестілеу және аттестаттаудан өткізу қағидалар бойынша,аттестаттау екi кезеңнен тұрады:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасын бiлуiне тест тапсыру;

Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі компьютерлік тестілерге (бұдан әрі - тест) енгізілуі тиіс және бір дұрыс жауабымен кемінде үш нұсқасы бар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін (link is external), Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексін (link is external), Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін (link is external), Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін (link is external) және Заңды (link is external) білуіне сұрақтар тізбесін жасайды.

Yмiткер өз қалауы бойынша тестілеуден қазақ немесе орыс тiлiнде өтеді.
Тестілеуден өту үшін сұрақтардың жалпы саны 100-ді құрайды.
Тестілеу үшін берілген уақыт 90 минутты құрайды.
Егер дұрыс жауаптардың саны сұрақтардың жалпы санының 70 және одан артығын құраса, үмiткер тестiлеуден өттi деп саналады және екiншi кезеңге жiберiледi.

         2) үмiткердiң бiлiмiн ауызша әңгімелесу түрінде тексеру.

Емтихан билетіне еңгізілетін сұрақтардың тізбісін Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігімен бекітіледі. Емтихан билетіне сұрақтар жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу үшiн бiлудi қажет ететiн құқықтық тәртіп тақырыбына сәйкес келетін кемінде үш сұрақ кіреді. Үміткерге емтихан билеті бойынша дайындыққы 10 минут беріледі. Емтихан билеттері бойынша дұрыс берілген ауызша жауаптар Комиссия мүшелерімен бесбалдық жүйсемін бағаланады.

Екінші кезеңнің қорытындысы бойынша отырысқа қатысқан Комиссия мүшелерінің басым дауысымен тиісті шешім қабылдайды.

Аттестаттаудан өтпеген үміткерлерге келесі аттестаттауға қайтадан қатысу үшін кедергі болмайды.

Аттестаттау жүргізілген кезде туындаған даулар сот тәртібінде қаралады.

Уміткерде комиссия отырысына келген кезде жеке куәлігі болу керек.

 

 

Жеке сот орындаушыларының қызметін ұйымдастыру бөлімі