-A A +A

«Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарының жолын кесу және алдын алу» бойынша семинар өткізілді

  

Ағымдағы жылдың 29 маусымында Ақтөбе облысы Әділет Департаментінің ғимаратында «Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарының жолын кесу және алдын алу» бойынша семинар өтті.

Семинарға ҚР Мемлекеттік қызметі істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы агенттігінің  Ақтөбе облысы бойынша департаментінің бас маманы Е.М. Толыбаев және «Азаматтық бақылау» жобасының үйлестірушісі, «Парасат-Ғылым» ҚБ төрағасы К.Н.Ахметов шақырылып, Әділет департаментінің  бөлім басшылары, аға сот орындаушылары,   Департамент мамандары және қалалық басқарма мамандары қатысты.

Семинардың басты мақсаты - мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлық фактілерін болдырмау, алдын алу, оған жол бермеуге бағытталған ҚР заңнама талаптарын оқыту.

Семинар барысында ҚР Мемлекеттік қызметі істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы агенттігінің  Ақтөбе облысы бойынша департаментінің бас маманы Е.М. Толыбаев баяндама жасады және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы бейнероликтер көрсетілді.

 

Әділет департаменті

Персоналмен жұмыс және

ішкі қауіпсіздік бөлімі