-A A +A

Шетел азаматынан алимент өндіру!

Алименттік міндеттемелер неке-отбасы заңнамаларымен, жекелей алғанда 26.12.2011 жылы қабылданған ҚР «Неке және отбасы» кодексімен регламенттелген.

 Неке-отбасылық құқық сотта азаматтық сот өндірісі ережесімен қорғалады. Осы Кодексте көзделген жағдайларда неке-отбасылық құқықтарды қорғау өз құзыреті шегінде және заңда көрсетілген тәртіпте мемлекеттік органдармен жүзеге асырылады.

  Әділет органдарына азаматшалардан егер бұрынғы жұбайы шетелге кетсе және алимент төлеуден бас тартса не истеу керек деген сұраққа түсінік сұрап көптеген арыздар түседі.

    Егер борышкер шетелге тұрақты тұрғылықты мекен-жайын ауыстырса, онда сот шешімін орындау төмендегідей тәртіпте жүзеге асырылады.

 Қазақстан Республикасы 1993 жылы 22 қаңтарда қабылданған «Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық қатынастар және құқықтық көмек көрсету туралы» Конвенцияның /Минск конвенциясы/қатысушысы болып табылады. Аталған Конвенция шеңберінде басқа мемлекет аумағында сот шешімін тану және орындау тәртібі көзделген.

 Осыған байланысты, өндіріп алушыларға борышкерлердің тұрғылықты жері бойынша сотқа бағытталған басқа мемлеке аумағында сот шешімін тану және мәжбүрлеп орындау туралы қолдау хат рәсімдеулерпі қажет.

Қолдаухатпен қоса келесідей қосымша құжаттар жолданылады: сот шешімі, сот шешімінің заңды күшіне енгендігі туралы анықтама, борышкерді сот  талқылауының өтетін күні мен орыны туралы хабарланғанын растайтын хабарлама, сот шешімінің орындалмағаны немесе бөлшегімен орындалғаны туралы анықтама.

 Осы материалдарды ҚР Жоғарғы соты жанындағы соттар қызметін ұйымдастыру Департаментіне басқа мемлекеттің сотына қарастыру үшін әрі қарау жолдау үшін жолданады.

Сондай-ақ, шетел мемлекетінің атқару құжаты борышкер тұратын басқа шетел мемлекетінің сотымен  сот шешімі танылмайынша заңды күші болмайды, сондықтан өндіріп алушыларға басқа мемлекетке атқару құжатын орындауға дербес жолдаудың қажеттілігі жоқ екендігін түсіндіреміз.