-A A +A

Республикалық акция «Әділет кеңес береді»

2017 жылдың 23 қараша күні Мұғалжар аудандық Әділет басқармасымен бірлесе отырып «Нұр Отан» партиясының аумақтық филиалы  ғимаратында азаматтарды қабылдау және құқықтық көмек көрсету мақсатында жоспарланған «Әділет кеңес береді» атты Республикалық акциясы  өтті.

         Аталған акцияға  «Нұр Отан» партиясының аумақтық филиалының төрағасының бірінші орынбасары Қ.М.Аймағанбетов, Мұғалжар аудандық әділет басқармасының басшысы С.Қ.Қазбағамбетов , жеке нотариустар Р.С.Кулшаманова және Ж.Т.Адаева, Мұғалжар ауданы аймақтық бөлімшесінің аға сот орындаушысы Г.М.Рахимова,  Ақтөбе облысының адвокаттар алқасының адвокаты Қ.Есенгелдин  қатысты.