-A A +A

Республикалық акция «Әділет кеңес береді»

        2017 жылдың 24 қыркүйек күні «Нұр Отан» партиясының аумақтық филиалымен  бірлесе отырып Мұғалжар аудандық Әділет басқармасының ғимаратында азаматтарды қабылдау және құқықтық көмек көрсету мақсатында жоспарланған «Әділет кеңес береді» атты Республикалық акциясы  өтті.

         Аталған акцияға  «Нұр Отан» партиясының аумақтық филиалының өкілі Г.К.Сатыбалдина, басшысы С.Қ.Қазбағамбетов , жеке сот орындаушы А.Е.Сәндібай, жергілікті «Мұғалжар» газетінің тілшісі, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Ақтөбе облысы бойынша филиалы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Мұғалжар ауданы Қандыағаш қаласы бөлімінің басшысының орынбасары А.К.Давлетов және Мұғалжар аудандық әділет басқармасының қызметкерлері қатысты.

        Акция барысында азаматтар қабылдауда болып, барлық қойылған сұрақтарға толық, әрі сапалы жауаптар алды.