-A A +A

Ойыл ауданындағы «Ашық есік күні» акциясы

        Ойыл аудандық Әділет басқармасында 2017 жылдың  26 қыркүйек күні, халықтың құқықтық мәдениетін арттыру, азаматтарға тегін заң көмегін көрсету мақсатында, кезекті «Ашық есік күні» акциясы өткізілді.

        Жекеше нотариус А.Т. Нығыметованың  қатысуымен ХҚКО ғимаратында акция өткізілді. Заңгерлік консультация алу үшін жүгінген аудандық тұрғындарға құқықтық көмек көрсетілді.

        Ойыл ауданының тұрғындары тегін білікті заң көмегін алу,  жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу және азаматтарды толғандырып жүрген күнделікті өмірдегі бірнеше сұрақтар қойылды.

Ойыл аудандық Әділет басқармасы