-A A +A

Өңірлік нормашығармашылық және нормативтік құқықтық актілерді шығару бойынша жергілікті мемлекеттік басқару органдарының қызметінің заңдылығын қамтамасыз ету сұрақтары бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

     Ақтөбе облысы Әділет департаментімен2017 жылдың 20 қазанында сағат 16.00-де ҚР Әділет министрі орынбасары Баймолдина Зауреш Хамитқызының төрағалығымен өңірлік нормашығармашылық және нормативтік құқықтық актілерді шығару бойынша жергілікті мемлекеттік басқару органдарының қызметінің заңдылығын қамтамасыз ету сұрақтары бойынша мүдделі мемлекеттік органдардың басшылары мен қызметкерлерінің (облыстың әкімдіктері мен маслихаттары, прокуратура және сот органдары, сондай-ақ, үкіметтік емес ұйымдар) қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

    Дөңгелек үстел барысында Әділет департаменті басшысының орынбасары М.Қ.Сатыбалдин «Ағымдағы жылдың 9 айы бойынша НҚА мемлекеттік тіркеу саласында Ақтөбе облысының жергілікті мемлекеттік басқару органдарының қызметінің қорытындысы» тақырыбындағы баяндамамен сөз сөйледі.

    Өткізілген шара қорытындысы бойынша, өзекті мәселелер және оларды шешу жолдары талқыланды.          

     Сонымен қатар, облыстағы жергілікті мемлекеттік органдармен нормашығармашылықтың сапасын арттыруға бағытталған өзара іс-әрекеттер механизмі шығарылды.

 

Ақтөбе облысының Әділет департаменті

Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу бөлімі