-A A +A

Облыс әкімінің тапсырмасын орындау бойынша сұрақтарға қатысты дөңгелек үстел

       10.01.2018 жылы, Қарғалы аудандық Әділет басқармасымен ұйымдастырыла отырып «НҰР Отан» партиясы, Халыққа қызмет көрсету орталығы, Жылжымайтын мүлік орталығының өкілдеріне дөңгелек үстел өткізілді. Кездесу кезінде іс – шараға қатысушылар, Ақтөбе облыстық сыбайластыққа қарсы аумақтық комиссия отырысының № 4 хаттамасымен танысты.

       Қатысушылармен келесідей сұрақтар қарастырылды:

1. Қызмет алушылар арасында тікелей байланысты болдырмау үшін көрсетілетін электронды қызметтерді күшейтсін.

2. Интернет – ресурстарында орналастырылатын ақпараттарды шұғыл түрде өзектендіру бойынша нақты шаралар қабылдасын.

3. Мемлекеттік органдардың ғимараттарында плакаттар мен стендттер орналастырсын, халыққа сыбайлас жемқорлыққа қарсы жадынамаларды тарату жұмысын ұйымдастырсын.

4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету кезінде сыбайлас жемқорлық фактілеріне жол бермеу үшін стандарттар мен регламенттерді қатаң сақтасын.

5. Мемлекеттік қызметтерді көрсететін орындарда мемлекеттік қызметті алушыларға, сондай – ақ мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға күту кезінде жағдай жасасын.

6. «Электрондық Үкімет» порталының пайдалы тұстарын кеңінен насихаттасын.

 

 

 

Қарғалы аудандық Әділет басқармасы