-A A +A

Нормашығармашылық саласындағы өзекті сұрақтар

        Ақтөбе облысы Әділет департаментімен 2017 жылдың 24 қарашасында Ақтөбе облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары М.Қ.Сатыбалдиннің төрағалығымен  және нормативтік құқықтық актілерді тіркеу бөлімінің қызметкерлерінің, облыстық, қалалық, аудандық жергілікті атқарушы және өкілетті органдарының заң қызметі (заңгерлер) өкілдерінің, ауылдық округ әкімдерінің және ҚР Эталондық бақылау банкінің қалыптастыру бөлімінің мамандарының қатысуымен «Нормашығармашылық саласындағы өзекті мәселелер, аудандық маңызы бар қалалар,ауылдық округтер және ауылдық округтері әкімдерінің төртінші деңгейдегі бюджеттерін әзірлеу, қабылдау, тіркеу сұрақтарын талқылау» тақырыбында Үйлестіру кеңесі өткізілді.

       Үйлестіру кеңесін жүргізу барысында Батырханов Д.С. нормативтік құқықтық актілерді тіркеу және проблемалық сұрақтарды  шешу мәселелерін  атап өтті.Сонымен қатар құқықтық мониторинг жүргізу бойынша сұрақтар талқыланды.

        Сонымен қатар, нормашығармашылық саласындағы өзекті мәселелер қарастырылып, аудандық маңызы бар қалалар,ауылдық округтер және ауылдық округтері әкімдерінің төртінші деңгейдегі бюджеттерін әзірлеу, қабылдау, тіркеу сұрақтары талқыланды.

       Өткізілген шара қорытындысы бойынша Үйлестіру кеңесінің қатысушылары қойылған сұрақтарына толық және жан-жақты  жауап алды.

 

 

Нормативтік құқықтық актілерді

тіркеу  бөлімі