-A A +A

«Нормашығармашылық саласындағы өзекті мәселелер»

            Ағымдағы жылдың 29 қыркүйегінде Ақтөбе облысы Әділет департаменті нормативтік құқықтық актілерді тіркеу бөлімі басшысының Д.С.Батырхановтың төрағалығымен  және нормативтік құқықтық актілерді тіркеу бөлімімен облыстық, қалалық, аудандық мемлекеттік органдар және әкімдіктерінің және мәслихат заң қызметі (заңгерлерімен) басшыларымен семинар негізінде Үйлестіру кеңесі өткізілді.

           Семинар барысында келесідей тақырыптар қаралды: «2017 жылы 1 жартыжылдықта НҚА тіркеу бөлімінің атқарылған жұмыс туралы ақпарат», «2017 жылғы 1 жартыжылдықта құқықтық мониторинг қорытындысын талқылау», «Нормашығармашылық саласындағы жаңалықтар».

       Өткізілген семинар қорытындысы бойынша облыс(қала)аудандық мәслихаттары  мен әкімдіктері өкілдерімен нормативтік құқықтық актілерді шығару, қабылдау, тіркелген нормативтік құқықтық актілерді ҚР 06.10.2006ж. №568 қаулысымен  бекітілген нормативтік құқықтық актілерін тіркеу туралы және ҚР Үкіметінің 06.10.2006 ж. №569 қаулысымен бекітілген нормативтік құқықтық актілерді ресімдеу және келісу қағидаларының тәрібін қатаң сақтауды талап етті және қойылған сұрақтарға  жауап берілді.

 

Нормативтік құқықтық актілерді

тіркеу  бөлімінің басшысы                                                                                                                Д.С.Батырханов