-A A +A

Мұғалжар аудандық әділет басқармасында дөңгелек үстел өткізілді.

2017 жылдың 31 қазан күні Мұғалжар аудандық әділет басқармасының ғимаратында 27.02.2017 жылғы «ҚР кейбір заң актілеріне азаматтық, банктік заңдарды жетілдіру және кәсіпкерлік іс әрекетке жағдайды жақсарту сұрақтары бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы туралы, тұрғындарға мәлімет беру мақсатында «дөңгелек үстел» өткізілді.

Аталған іс шараға Мұғалжар ауданы бойынша РКП «Атамекен» директоры Кумашев М.А., «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»

КЕ АҚ Ақтөбе облысы бойынша филиалы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Мұғалжар ауданы Қандыағаш қаласы бөлімінің басшысы Жалғасов А.Н., Мұғалжар аудандық территориалдық бөлімшесінің аға сот орындаушысы Рахимова Г.М., Мұғалжар ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы Куспанова Д. және әділет басқармасының қызметкерлері қатысты.

         Іс шара барысында заңды тұлғаларды тіркеу және кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі заңдық жаңалықтар талқыланды.