-A A +A

Мұғалжар аудандық Әділет басқармасы кезекті «Ашық есік күні» өткізді

       2017 жылдың 24 қазан күні Мұғалжар аудандық Әділет басқармасы ғимаратында  аудан тұрғындарына тегін заң консультациясын беру мақсатында кезекті «Ашық есік күні» акциясы өткізілді.

          Аталған іс-шараға нотариустер Е.Сақтаганов, Ж.Адаева, жеке сот орындаушы А.Сәндібай және Әділет басқармасы қызметкерлері қатысты.

         Іс-шара барысында азаматтармен заңды тұлғаларды тіркеу немесе қайта тіркеу, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу сынды тақырыптарға қатысты сұрақтар қойылып, азаматтардың қойылған сұрақтарына толық, әрі сапалы жауаптар берілді.