-A A +A

Мұғалжар аудандық Әділет басқармасы кезекті «Ашық есік күні» өткізді

     Ағымдағы жылдың 26 маусым күні Мұғалжар аудандық Әділет басқармасы ғимаратында нотариустармен және қорғаушымен бірлесе отырып азаматтарға тегін заң кеңестерін беру мақсатында кезекті ашық есік күні өткізілді.

     Аталған іс-шара нотариустар Е.Сақтаганов, Н.Қарабалақов, Мұғалжар аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы А.Біржанов, «Азаматтарға арналған үкімет»  мемлекеттік корпорациясы»  коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ақтөбе облысы бойынша филиалы – жер кадастры және Жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаментінің Мұғалжар аудандық бөлімшесі басшысы С.Қ.Мейірман  және Әділет басқармасы қызметкерлерінің қатысуымен өтті.

    Іс-шара барысында азаматтармен жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу, мұрагерлікті қабылдау жолдары сынды тақырыптарда сұрақтар қойылып, азаматтардың қойылған сұрақтарына толық, әрі сапалы жауаптар берілді.