-A A +A

Мемлекеттік рәміздердің 25 жылдығына арналған салтанатты шара өтті

      Бүгін Ақтөбе облысы Әділет департаментінің ғимаратында ҚР Мемлекеттік рәміздерінің 25 жылдығына орай салтанатты іс-шара ұйымдастырылды. Шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимннін орындаудан бастау алды. Кейін Департамент басшысы Б.С.Беркімбаев құттықтау сөзінде мемлекетіміздің нышандарының маңыздылығын, олардың жалпыұлттық және біріктіруші факторлар болып табылатындығын атап өтті. Әділет органдарының дамуына үлесін қосқан Әділет департаментінің қызметкерлеріне салтанатты түрде ведомствалық наградалар, мақтау қағаздары мен алғыс хаттары табыс етілді. Салтанатты шара арнайы ұйымдастырылған мерекелік концертпен жалғасын тапты.

 

Ұйымдастыру-талдау жұмысы бөлімі