-A A +A

«Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерімен Әдеп кодексінің нормаларын сақтауы бойынша» семинар өткізілді

      Ағымдағы жылдың 11 тамызында Ақтөбе облысы Әділет Департаментінің ғимаратында Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің Әдеп кодексінің нормаларын сақтау бойынша семинар өткізілді. 

       Семинарға Әділет департаментінің бөлім басшылары, аға сот орындаушылары, Департамент мамандары мен Ақтөбе қалалық басқармасының  мамандары  қатысты.

     Семинарда мемлекеттік қызметтегі мінез-құлық қағидалары мен нормалары қаралып, талқыланды. Оның ішінде мемлекеттік қызметшілердің қызметтен тыс уақыттағы жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануға, қоғамға жат мінез-құлық, оның ішінде қоғамдық орындарда адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдағы адамгершілікке нұқсан келтіретін масаң күйде болу жағдайларына жол бермеуге ерекше назар аударылды. 

                 

 

Әділет департаментінің

Персоналмен жұмыс және

ішкі қауіпсіздік бөлімі