-A A +A

Құрметті азаматтар!

   Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі «Қазпочта» АҚ-мен бірлесіп борышкерге атқару өндірісі бойынша берешегін мемлекеттік шекарадан өткізу пункттерінде және ҚР қалаларының қоғамдық орындарында орналасқан кассалық қызмет және терминалдар арқылы төлеу мүмкіндігін беру мақсатында атқару өндірісі бойынша қабылданған шаралардың күшін автоматты түрде жою, соның ішінде ҚР шекарасынан уақытша шығуды шектеуді шешу үшін атқару өндірісі бойынша төлемдерді қабылдау сервисі әзірленді.

   «Қазпочта» АҚ-ның төлем жүйесіне келесідей тиісті бағдарлама енгізілген, әрбір азамат идентификатор ретінде өзінің жеке сәйкестендіру нөмірін енгізу немесе оны касса бөлімінің маманына хабарлау арқылы берешегі туралы мәлімет алып, сол жерден төлей алады.

    Бастапқы кезеңде аэропорттар мен ҚР қалаларының қоғамдық орындарында орналасқан «Қазпочта» АҚ-ның кассалық бөлімшелері арқылы жұмыс режиминде төлемдерді қабылдау жоспарланып отыр.

     Кейіннен тәулік бойы «Қазпочта» АҚ-ның төлем терминалдары арқылы төлемдер қабылданатын болады.

     Кассалық қызметтер және терминалдар арқылы төленген берешектер бойынша ҚР шекарасынан уақытша шығуға салынған шектеуді автоматты түрде шешу тек қана 2015 жылдың 1 шілдесінен кейін салынған шектеулер және сот орындаушысының орындауындаға атқару өндірістері бойынша шешілетінін хабардар етеміз.

    Қалған шектеулерді шешу бұрын қолданылып жүрген тәртіб бойынша сот орындаушысына атқару құжатының орындалғанын растайтын құжаттарды табыстау арқылы жүргізілетін болады.  

    Атқару өндірістерімен төлемдерді өткізу бойынша барлық туындаған сұрақтар бойынша «Қазпочта» АҚ-ның кассалық бөлімшелерінен кеңес алуыңыз болады.

   ҚР-ның шекарасынан уақытша шығуды шектеудің бар жоқтығы  жөнінде мәліметті Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің www.adilet.gov.kz сайтының «Елден шығуға уақытша шектелгендердің тізімі» бөліміне өзіңіздің жеке сәйкестендіру нөмірін теру арқылы біле аласыз, сонымен қатар Ақтөбе қаласындағы 8/7132/54-83-48 телефоны арқылы кеңес алуыңызға болады.

   Жоғарыда аталған сервистің жұмысы бойынша келесі нөмірлер бойынша кеңес алуыңызға болады: 8/7132/74-04-92, 68-13-99.