-A A +A

«Әкімшілік құқық бұзушылықтар және статистикалық есептіліктің бұрмалануына жол бермеу» тақырыбында семинар –кеңес өткізілді.

          Ағымдағы жылдың 14 шілдесінде Департамент басшысының орынбасары Ә.Ә.Тасыбаеваның төралығымен, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Ақтөбе облысы бойынша басқармасының аға прокуроры Э.А.Жұмабаеваның және Департамент қызметкерлерінің қатысуымен «Әкімшілік құқық бұзушылықтар және статистикалық есептіліктің бұрмалануына жол бермеу» тақырыбында семинар – кеңесі өткізілді. Семинардың мақсаты - салынған және өндірілген айыппұл сомалар бойынша есептің бұрмалануына жол бермеу, әкімшілік құқық бұзушылықтар және оны жасаған тұлғалар туралы мәліметті орталықтанаған банкіне толықтығы мен дұрыстығын қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

            Аталған семинар барысында Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Ақтөбе облысы бойынша басқармасының өкіліне Департамент қызметкерлері базаны толтыру барысында туындайтын сұрақтарын қойды. Барлық көкейкесті сұрақтарға жауаптар берілді.

 

                                                                       Ақтөбе облысы Әділет департаментінің                                                                           ұйымдастыру-талдау жұмысы бөлімі