-A A +A

Қазақстанның тұңғыш Әділет министрі Нағашыбай Шайкеновке Ақтөбеде ескерткіш қойылды

     2017 жылдың 20 қазанында Ақтөбеде әйгілі заңгер-ғалым, мемлекет қайраткері, заң ғылымдарының докторы, Қазақстанның тұңғыш Әділет министрі Нағашыбай Шайкеновке ескерткіш орнатылды.

     Нысанның ашылу салтанатына облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, ҚР Әділет министрінің орынбасары Зәуреш Баймолдина, ҚР бас прокурордың орынбасары Андрей Лукин, Ақтөбе облысының Әділет департаменті, Ақтөбе облысы бойынша сот экспертизалар институты өкілдері және тағы басқалары қатысты. Б. Сапарбаев құттықтау сөзінде Нағашыбай Шайкенов атындағы қоғамдық қор басшысына алғысын білдіріп, қайраткер жайлы естеліктер айтты.

     Нағашыбай Шайкенов Ресейдін Орынбор облысында 1947 жылы дүниеге келді. 1992 жылы Қазақстанның президенті Н.Ә Назарбаевтың шақырылуымен Қазақстанға шақырылды.  1988 — 92 жылы Жоғары экономикалық кеңестің экономикалық кеңесшілер басшысының орынбасары, 1992 — 93 жылы ҚР Президентінің кеңесшісі, 1993 — 95 жылы ҚР Әділет министрі, 1995 — 96 жылы ҚР премьер-министрдің орынбасары, 1996 — 2000 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетінің ректоры болып қызмет атқарды. Шайкенов Қазақстандағы құқықтық реформаның авторы ретінде танылды. ҚР Тұрақты дамыту жөніндегі ұлттық кеңестің мүшесі (1997 — 98) болды. “Парасат” орденімен марапатталған.

 

Құқықтық түсіндіру және халыққа заңгерлік қызмет көрсету бөлімі