-A A +A

«Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» туралы дөнгелек үстел

           2017 жылдың 07 маусым айында Әйтеке би аудандық Әділет басқармасының ғимаратында басқарма басшысы Ж.Байбашева, бас маман А.Құлманова, іс жүргізуші А.Еділбаева мен аудандық әкімі аппаратының бас маманы С.Қабдылдиннің, сот орындаушы Р.Жетруованың, аудандық ХҚКО қызметкерлері Ж.Айтуғанов пен Ж.Оразбаевтардың қатысуларымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» туралы Қазақстан Республикасының Заңын түсіндіру мақсатында «дөнгелек үстел» өткізілді.

         Дөнгелек үстел барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімді әдістерімен мемелекеттік қызметшілердің белсенділігін, мемлекеттік қызметшілер адал, әділ, қарапайым болуға, өзінің іс-әрекетімен және мінез-құлқымен қоғам тарапынан айтылатын сынға себепкер болмауға, моральдық-әдептілік нормаларын ұстануға және қарапайым болуға тиістілігі туралы ой-пікірлерімен бөлісті.