-A A +A

Қарғалы ауданындағы «ашық есік күні» акциясы

        31.10.2017 жылы Бадамша ауылында Қарғалы аудандық Әділет басқармасымен ұйымдастырылып, аудандық мекеме басшыларының қатысуларымен «Ашық есік күні» акциясы өткізілді. Азаматтармен кездесу барысында, жылжымайтын мүлікті тіркеу және заңды тұлғалардың дерекқорлар базасына өзгерістерді енгізуге қатысты сауалдарына жауаптар берілді.   

           «Зияткерлік меншік туралы не білеміз?», «Өз құқығыңды қалай қорғау қажет?» секілді сұрақтар  жергілікті тұрғындармен қойылды.

        Әділет басқармасының басшысы қатысушыларға, сыбайластыққа қарсы іс – әрекет және  «ҚР Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексіне» қатысты сауалдарына тақырыпты өрбітті.

Қарғалы аудандық Әділет басқармасы