-A A +A

Instagram арқылы тегін заңгерлік көмек көрсету

         2017 жылдың 10 тамызында Ақтөбе облысы Әділет департаментімен, тегін заңгерлік көмек көрсету, азаматтарға консультациялар беру мақсатында Instagram әлеуметттік желінің тікелей эфирі түрінде zello.aktobe аккаунті арқылы «Ашық есік күні» акциясы ұйымдастырылып өткізілді. Аталған акцияға денсаулық сақтау басқармасының өкілдері, жекеше нотариус, адвокат, азаматтық хал актілерін тіркеу саласындағы әділет Департаментінің қызметкерлері, заңды тұлғалар және жылжымайтын мүлік үшін құқық, сот актілерін атқару бөлімдерінің өкілдері қатысты. Құқықтық консультациялар алуға жүгінген азаматтардың саны 100-ге жетті.

       Ақтөбе облысының тұрғындарымен тегін заңгерлік көмек көрсету, өндірісті атқару, жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу, азаматтық хал актілерін тіркеу және тегін дәрігерлік көмек салаларында сұрақтар қойылды.

 

Ақтөбе облысы Әділет департаментінің баспасөз қызметі.