-A A +A

ХҚК орталығындағы семинар

         Ақтөбе облысы әділет департаментінің заңды тұлғаларды және жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу бөлімдері 2017 жылдың 11 қазанында Ақтөбе облысының «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КАҚ (Халыққа қызмет көрсету орталығының) қызметкерлерімен семинар сабағын өткізді. Семинардың модераторлары жылжымайтын мүлік пен заңды тұлғаларды тіркеу саласындағы қызметкерлердің қателіктерін атап өтті және заңды тұлғалар мен жылжымайтын мүлікті тіркеу саласындағы стандарттарға Әділет министрінің №46 2016 жылғы 28 қаңтардағы және №246, 2015 жылғы 28 сәуірдегі бұйрықтарымен енгізілген өзгерістерді тереңірек зерттеу қажеттігі айтылды. Семинар барысында туындаған мәселелер бойынша заңға сәйкес түсіндірулер берілді.

Ақтөбе облыстық Әділет департаменті 

бөлімінің басшылары,

Көшкінбаева Айнұр Қуанышқалиқызы

Ниязова Гүлмира Мұхамбетқалиқызы