-A A +A

ХАБАРЛАНДЫРУ!

"Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды
аттестаттаудан өткізу" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының (Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 231 бұйрығы) 9 тармағына сәйкес, көрсетiлетiн қызметтi алушы (не нотариалды куәландырылған сенiмхат бойынша оның өкiлi) көрсетiлетiн қызметтi берушiге өтiнiш жасаған кезде мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн қажеттi құжаттардың тiзбесi:

1) мемлекеттік көрсетілетін қызметтің осы стандартының 3-қосымшасына сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;

2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтің осы стандартының 4-қосымшасына сәйкес белгіленген нысандағы адвокаттық қызметпен айналысуға аттестаттаудан өту үшін мәліметтер нысаны;

3) наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден көрсетiлетiн қызметтi алушының тұрғылықты жерi бойынша, оларды әділет органдарына ұсынғанға дейін бір айдан аспайтын мерзімде берiлген анықтамалар.

      Адвокаттық қызметпен айналысуға аттестаттаудан өтуге қажеттi құжаттарды тапсырған кезде көрсетiлетiн қызметтi берушiге күнi, уақыты, құжаттарды қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнi көрсетiлген талон берiледi.

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген қызметті берушіге портал арқылы жүгінген кезде:

      1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

      2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтің осы стандартының 4-қосымшасына сәйкес белгіленген нысандағы адвокаттық қызметпен айналысуға аттестаттаудан өту үшін мәліметтер нысаны;

      3) наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден көрсетiлетiн қызметтi алушының тұрғылықты жерi бойынша, оларды әділет органдарына ұсынғанға дейін бір айдан аспайтын мерзімде берiлген анықтамалардың электронды көшірмесі.

      Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметке сұраудың қабылданғандығы туралы мінбе "статус", сонымен қатар мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу мерзімі мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.

      Жеке басын куәләндыратын құжат туралы, лицензиясы туралы, көрсетiлетiн қызметтi алушының қылмыстық құқық бұзушылық жасағандығы туралы мәліметтерді не ондай мәліметтердің жоқтығы туралы ақпаратты көрсетілген қызметті беруші "электронды үкімет" шлюзі арқылы тиісті ақпараттық жүйелерден алады.

      Көрсетілген қызметті беруші мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпиялардың қатарына кіретін ақпараттарды пайдалануға көрсетілетін қызметтерді алушының келісімін, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, алады.