-A A +A

«Дөңгелек үстел» аясында сот сараптама қызметінің көкейкесті сұрақтары қаралды

   Сот медицинасы мен сот сараптамасы орталықтарының бір құрылымға бірігуімен Қазақстанның сот сараптама жүйесі кейбір өзгерістерге ұшырады. Соңғы жылдары сот сараптамасы қызметінде қосымша сараптамаларды тағайындау кезінде көкейкесті және өзекті сұрақтар туындай бастады.

   Осы орайда, Ақтөбе облысы сот сараптамалары Институтымен облыстың құқық қорғау және арнайы органдары өкілдерінің қатысуымен көкейкесті сұрақтарды шешу мақсатында «дөңгелек үстел» өткізу бастамасы көтерілді.

   Аталмыш бастама Ақтөбе облысы Әділет органдары Үйлестіру Кеңесінің (әрі қарай-Кеңес) мүшелерімен қолдау тауып, ағымдағы жылдың 2 тоқсанына арналған Кеңестің жұмыс жоспарына енгізілді.

   Кеңес әділет органдары  жұмысының  тиімділігін арттыруға бағытталған, келісілген ұсыныстар мен іс-әрекеттерді әзірлеу және іске асыру үшін жақсы алаң болып табылғандықтан, ағымдағы жылдың 26 мамырында Ақтөбе облысы Әділет департаментінің ғимаратында сот, прокуратура, ҰҚКД, ІІД, МКД органдары және де облыстың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі өкілдерінің қатысуымен «дөңгелек үстел» ұйымдастырылды.

   Шара барысында Сот сараптамалары Институты директорының орынбасары мен сарапшыларының баяндамалар тыңдалып, «дөңгелек үстелге» шақырылған құқық қорғау және арнайы органдардың өкілдері пікірлерімен бөлісе, қосымша сараптамаларды тағайындау кезінде жұмысты жетілдіру бойынша тиісті ұсыныстар енгізді.

 

Ақтөбе облысы Әділет департаментінің

ұйымдастыру-талдау жұмысы бөлімі