-A A +A

Дөңгелек үстел

   Ағымдағы жылдың 14 маусымында Хромтау аудандық Әділет  басқармасы ауылдық округтер әкімдерімен және жергілікті атқарушы органдарының өкілдерінің қатысуымен «Нормативтік құқықтық актілер»    тақырыбында  «Дөңгелек үстел» отырысын өткізді.

   Іс шара барысында «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңын басшылыққа ала отырып, нормативтік құқықтық актілерді рәсімдеу және әділет органында мемлекеттік тіркеуден өткен қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге құқықтық мониторинг жүргізу тәртібі туралы талқылады.

   Кездесудің соңында мәселелі сұрақтар қаралды, сонымен қатар оларды шешудің жолдары әзірленді.