-A A +A

Дөңгелек үстел

         25.05.2017  жыл Ақтөбе облысының әділет департаменті ғимаратында дөңгелек үстел  БАҚ-пен ұйымдастырылды. Аталған іс-шараға АО «Трансэнерго» заң  бөлімінің  басшысы Мухтарова Гульжанат Серикбаевна, жеке сот орындаушыларының төрағасының орынбасары Эбуов Талгат Муналбаевич, АО «Трансэнерго» маркетинг және өткізу басқармасының  орынбасары Кисыков Ерболат Аканович, ТОО «Актобеэнергоснаб» кеңесшісі Аймаков Максат Бтуажаулы,  АО «Акбулак» заң бөлімінің  м.а.  Сермаханова Диляра Баянгалиевна, АО «КазТрансГаз Аймақ» заң бөлімінің м.а.  Нурмаганбетова Джамила Уреновна, сот  орындаушы Калжанова Бахытгуль. Дөңгелек үстел аясында  «100 нақты қадам Ұлт Жоспарының» 27 бабын жүзеге асыру, сондай – ақ  мемлекеттік сот орындаушыларды кезең-кезеңмен қысқарту және  жеке сот орындаушылар институтын дамыту мақсатында сұрақтар бойынша талқыланды. 2016 жылдың 01 сәуірінен бастап, республика аумағында, мемлекеттік сот орындаушылардан жеке сот орындаушылардың мәжбүрлеп орындауына атқару парақтарын беру бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде.

            Барлық атқару парақтары:

1. мемлекеттен өндіріп алу;

2. дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке және олармен үлестес заңды тұлғаларға тиесілі заңды тұлғадан өндіріп алу;

3. табиғи монополиялар субъектілерінен немесе тауарлар және көрсетілетін қызметтер нарығында үстем жағдайға ие субъектілерден өндіріп алу;

4. өндіріп алу мөлшері бір мың айлық есептік көрсеткіштен асатын соманы мемлекет пайдасына өндіріп алу;

5. мүлікті тәркілеу не мүлікті мемлекетке беру туралы;

6. мемлекет мүддесіне жүргізілетін үйден шығару, үйге қоныстандыру, үйлерді бұзу, жер учаскелерін алып қою және басқа да істердің санаттары туралы атқарушылық құжаттарды қоспағанда, осы Заңда көзделген барлық атқарушылық құжаттары жеке сот орындаушылар мен қабылданады.

            Сонымен қатар, жеке сот орындаушылардын орындауына мүлікке тыйым салу немесе мүліктен тыйым алу туралы соттың ұйғарымдары да талап етіледі. Аталмыш қызмет көрсету үшін, жеке сот орындаушының ақысы, «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» ҚР Заңының 118 бабының 1 тармағына  сәйкес (жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу борышкерден өндіріп алынған қаражат есебінен жүргізіледі және он мың айлық есептік көрсеткіштен аспайтын шекті мөлшерін белгілей отырып, істердің санаты мен өндіріп алу сомасына қарай үштен жиырма бес пайызға дейінгі мөлшерде белгіленеді. Мүліктік емес сипаттағы атқарушылық құжаттар бойынша жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу айлық есептік көрсеткішпен белгіленеді),  жүзеге асырылады.

            Бұл ақпарат БАҚ-та жарықтандырылды.

 

 

Ақтөбе облысы

Әділет департаменті