-A A +A

«Әділет министрі Марат Бекетаевтің тұрғындармен кезекті кездесуі өтті»

     2017 жылдың 23 маусымында  «Казмедиа орталығы» ғимаратында Әділет министрі Марат Бекетаевтің видеоконференцбайланысы арқылы барлық өңірлерді қосумен тұрғындармен кезекті кездесуі өтті. Кездесу барысында Марат Бекетаев Министрліктің қызметі туралы және  ведомствоның болашақ жоспары туралы атап өтті.

    Министрдің есебіне сәйкес, қызметтің мынандай бағыттары бойынша біршама шаралар қабылданды: ұлттық заңнаманың қалыптасуы, құқықтық қызмет көрсетуді ұйымдастыру, зияткерлік  меншікті қорғауды ұйымдастыру аясында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру және қалыптастыру, атқарушылық іс жүргізуді қамтамасыз ету, сот–сараптама қызметін ұйымдастыру. Министр есептік  кездесуді дәстүрлі форматта өткізген жоқ. Ол өз баяндамасын үш блокка бөлген, әр блок сайын халық өздерінің  толғандыратын  сұрақтарын  қойды. Әділет министрі өзінің баяндамасының бірінші блогын шет елдерде мемлекеттің мүддесін қорғау бойынша министрліктің қызметі және заң шығару жүйесіне тоқталып өтті.Баяндаманың екінші блогы Әділет министрлігімен жүргізілген реформаларға, Конституциялық реформаларды жүзеге асыруға  арналды. Әділет министрлігімен ҚР ӘҚБтК-не айыппұлды азайту бойынша толықтырулар мен өзгерістерлер дайындалды.Баяндаманың үшінші блогы сот сараптама және сот орындаушы жүйесіндегі реформаларға бағытталған қабылданған заңдар аясында атқарылған жұмыстарға арналды.