-A A +A

«Әділет кеңес береді» республикалық акциясы

       22.12.2017ж. сағ.11-00 –де Ақтөбе облысы Әділет департаментінің ғимаратында тегін заң көмегін көрсету мақсатында, кезекті «Әділет кеңес береді» акциясы ұйымдастырылды.

Акция сот орындаушы, нотариус, Ақтөбе қ. жер қатынастары бөлімінің, денсаулық сақтау басқармасының өкілдері, «КТП-транс» ЖШС Департаменттің  бөлім басшыларының  қатысуымен өткізілді.

Акция аясында барлық ниет білдіруші азаматтар онлайн түрде толғандыратын сұрақтарға жауаптар алды және жылжымайтын мүлік объектілеріне мекен-жайды рәсімдеу, жер учаскілердің шекарасын анықтау, құрылыс бойынша құқықтық құжаттарды рәсімдеу, азаматтарды міндетті медициналық сақтандыру, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу және заңды тұлғаларды тіркеу аясында заңнамалардағы жаңалықтар түсіндірілді.

Акция барысында 65-тен астам азаматтарға тікелей эфир арқылы кеңес берілді.