-A A +A

«Әділет кеңес береді» акциясы Ақтөбе облысында

     2017 жылдың 01 қараша айында мемлекеттік қызметтердегі жаңалықтарды және ҚР заңнамаларындағы өзгерістерді түсіндіру, азаматтарға тегін заң көмегін көрсету және тегін кеңестер беру мақсатында, Ақтөбе облысының Әділет департаменті @Zello.aktobe аккаунты бойынша «Instagram» әлеуметтік желісінде тікелей эфирінде кезекті «Әділет  кеңес береді» акциясы  өткізілді. Аталған акциясына Әділет департаментінің азаматтық хал актілерін тіркеу және апостильдеу, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу бөлім басшылары және заңды тұлғаларды тіркеу саласы бойынша өкілдері, нотариус, адвокат, "Нұр Отан" облыстық филиалы партиясының өкілі  қатысты.Азаматтарды азаматтық-құқықтық  қатынастар, жылжымайтын  мүлікке  құқықтарды  рәсімдеу, сот  актілерінің  орындалуы, жұмысқа  тұру  және  жеңілдіктер  алу  тәртібі, сот  шешіміне  шағымдану  тәртіптері, кассациялық  шағым жасау,  адвокаттық  және  нотариалдық  қызмет  және  т.б.  тұрғындардың күнделікті өміріндегі сұрақтары  қызықтырды.  Акция барысында  170-тен  астам азаматтарға кеңес берілді.

  Ақтөбе облысы Әділет департаментінің  баспасөз қызметі