-A A +A

«Әділет кеңес береді» акциясы

     2017 жылдың қыркүйек айының 22 жұлдызында Хромтау аудандық  Әділет басқармасының басшысы А.О.Мұхамеджанова және Ақтөбе облыстық нотариалдық округінің жекеше нотариусы Е.К.Хайруллиннің ұйымдастыруларымен аудан көлемінде тұратын халыққа құқықтық көмек көрсету мақсатында тегін кеңес беру акциясы  «Әділет  кеңес береді» өткізілді.

   Шараның негiзгi мақсаты тұрғындарға тегін заң кеңестері мен түсініктемелер беру болып табылады. Аталған іс-шараның аясында көмекке жүгінген барлық азаматтарға құқықтық көмек көрсетілді.

   Акция кезінде нотариаттық іс-әрекеттер, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу бойынша көкейдегі жүрген сұрақтарына қанағаттанарлық жауаптар мен құқықтық кеңестер берілді. 

 

Хромтау аудандық

Әділет басқармасы